{metadescription}
Алматыда өрттің кесірінен үш бірдей отбасы бала-шағасымен далада қалды
Алматыда өрттің кесірінен үш бірдей отбасы бала-шағасымен далада қалды

Алматыда өрттің кесірінен үш бірдей отбасы бала-шағасымен далада қалды

Жапсарлас тұрған қонақ үйден тараған жалын үйлердің шатырын күл-талқан етіп, баспананың ішіне дейін шарпыған. Талай мәрте айтылған қарсылыққа қарамастан, тұрғынүйлерге тақап қонақүй салған кәсіпкердің өзі болса ұшты-күйлі жоқ. Қыс алдында көше кезіп қалғандар оны кешелі бері іздеп таба алмай әлек. Бұған дейін де тұрғындарды бірнеше рет тірідей өртеп жібере жаздаған кәсіпкер, мүлігі түгелдей өртеніп кетсе де төбе көрсетпей жүр екен.

Талғат Ерменбаев бір түнде үй-жайсыз қалғанына әлі сене алмай жүр. Өрт шыққан кезде үй ішінде бала-шағасы мен қонақтары бар, барлығы 26 адам болыпты. Мейман күтіп, мәре-сәре боп отырғанда жанып жатқандарын хабарлап, көршісі жүгіріп келіпті. Соның арқасында бір дүйім жұрт аман қалған.                

Талғат Ерменбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Құрылыс қабырғаға тақалып кетті ғой. Біздің үйден 7-8 метр жоғары биіктікте болды. Оның алдыңғы екі жылы да, екі жыл бұрын да өртенген бұл. Бұларға ескерткем, жас бала болғаннан кейін ұрыса алмадым. Ал енді ұрысуға тура келетін сияқты. Адамдар қайтыс болып кетсе, одан да жаман болар еді.

Іргеден әрі шатырдан кірген жалыннан жер үй жанбаған жері қалмаған. Төбесі де опырылып, келген қонақтарының үйіне барып қонуына тура келіпті. Сәрсенбаевтардың да үйі түгелдей өртенген. Жалын тарағанда үйде шиеттей төрт баласы ойнап жүріпті. Жанұясын жалыннан әрең дегенде аман алып шыққан отағасы қонақүйдің қожайынын таппай, ашудан жарылғалы тұр.

Мәулен Сәрсенбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Білесіздер, қонақүйге  өте жауапсыз адамдар келеді. Бір күндік адамдар. Темекі шегеді де, соны тастай салады.  Былтыр бірнеше рет ескерту жасалған оларға.

Десе де, төтенше жағдай қызметі қонақүй клиенттерінен кінә жоқ дейді. Себебі, өрт шылымнан емес, тоқтан шыққан болуы мүмкін.

Сандуғаш Баймұхамбетова, ТЖД ресми өкілі:

-Болжам бойынша, электр сымының тұйықталуы деп санап отырмыз. Бірақ қазіргі таңда материалдардың бәрі ІІД -не жөнелтілді. Сараптама аяқталғаннан кейін неден өрт шығуы мүмкін, қандай себептер болуы мүмкін кейін тағы айтармыз.

Тұрғынүйлерге тақап қонақүй салған кәсіпкер болса, кешелі бері ұшты-күйлі жоқ. Жұрттың тынышталуын күтіп жүрсе керек, әлі төбе көрсетпеген. Жалпы, бұл қонақүй осымен үшінші мәрте өртенген екен. Алдынғы екі жағдайда да жұрт түн ішінде киімшең сыртқа ытқып шыққан. Кінәлі кәсіпкер бір рет те өтемақы төлемепті. Десе де, тағы тірідей өртене жаздағандар бұл жолы көршісін кешіргісі жоқ. Баспаналарын бүтіндеп, біржолата көзін құртсын отыр. 

Кеше

21 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.