{metadescription}
Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды
Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Азғындықтың ақыры! Бүгін Атырауда 8 жасар Айкөркем Алдамжарды зорлап, артынан жауыздықпен өлтірген педофилге үкім кесілді. 28 жастағы Арман Рсалиев қылмысын жасыру үшін көршісінің қызын суға ағызып жіберіп, кейін тіпті жұртпен бірге өзі де іздеуге шыққан болатын. Енді ол 25 жыл бостандық көрмейді. Әрі жазасын ең қатаң тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс. Жазаның жеңіл болмайтынын түсінген қаныпезердің адвокаттары да бүгінгі сотта төбе көрсеткен жоқ.

- Мемлекеттік айыптаушы Арман Рсалиевті 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған екен. Судья да бүгін мұнымен келісіп, айыпталушыны ерекше тәртіптегі абақтыға аттандырды. Бұдан бөлек Арман Рсалиев жәбірленуші тарапқа моральдық шығын да төлеуі тиіс.

Тыныштық Нұрымова, судья:

- Азаматтық талапкер Сағынованың пайдасына азаматтық жауапкер Рсалиевтен 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілсін. Рсалиевке үкімнің азаматтық талапты орындау бөлігі өз еркімен орындауы 2 ай мерзімі берілсін. 

Үкімді үнсіз тыңдаған Айкөркем Алдамжардың туыстары сыртқа шыға бере көз жасына ерік берді. Олар бауыр еті балаларын өлтірген азғын өмір бойы түрмеде отыру керек еді дейді.

8 жастағы Айкөркем Алдамжар маусымның 14-і күні кешкілік ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Өкінішке қарай, 5 күннен соң Жайық өзенінен оның денесі табылған болатын. Тіпті жоғалған кезде жеткіншекті бүгін сотталған Арман Рсалиев те жұртпен бірге іздесіпті. Кейін ол өз кінәсін мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Айтуынша, Айкөркемді өзен жағасына алдап апарып, зорлаған. Кейін суға лақтырып жіберіпті. Қыз бала суға тұншығып өлген. Сотталушы Арман Рсалиевтің өзі – отбасылы, кәмелетке толмаған екі баланың әкесі. Әрі ол – марқұм Айкөркем Алдамжардың көршісі. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.