{metadescription}
 «102» қызметі енді күттірмей жауап беретін болды
 «102» қызметі енді күттірмей жауап беретін болды

«102» қызметі енді күттірмей жауап беретін болды

Жедел желіні жетілдіре түскен алматылық полицейлер қиын жағдайға ұшырап хабарласқан азаматтарға қас пен көздің арасында жетуге мүмкіндік алды.  

Көмек сұрап, қоңырау шалушылардың көптігіне байланысты азаматтар полицияға хабарласып болмайтын. Салдарынан «102» желісіне арызданушылар көп еді. Енді ол заман артта қалды. Алматылық тәртіп сақшылары қоңырау желісін жетілдіріп, байланысқа шыққысы келгендердің барлығын бірдей мына монитордан көріп отыру мүмкіндігіне ие болды. Желі бос болмаған күннің өзінде, бірінші босаған оператор тұтқаны көтере қояды. Жаңа технологияның қосылғанына небәрі үш күн. Содан бері «хабарласа алмадық» деп арызданушылар сап тыйылыпты. Есесіне, полицияға бейберекет телефон шалатындар көбейген. Еріккендерге ескерту жасап шаршаған сақшылар енді ондайларға ауқымды айыппұл салмақшы. 

Салтанат Әзірбек, ІІД ресми өкілі:

-Қайта- қайта мазалайтындар болады. Оның ішінде ауру адамдар да бар. Ауру адам болса, кешірімді. Ал дені сау, есі дұрыс адам болса,  30 АЕК есебінде айыппұлды көздейді. Бұл 68 мыңнан аса теңге. Бұл өте қомақты сома. Сондықтан осындай іс-әрекеттерге бармас бұрын 5-6 рет ойланып алыңыздар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде