{metadescription}
Шымкентте полицейлердің үрейін айналған атышулы Руслан Жанпейісов сотталды
Шымкентте полицейлердің үрейін айналған атышулы Руслан Жанпейісов сотталды

Шымкентте полицейлердің үрейін айналған атышулы Руслан Жанпейісов сотталды

Негізінен тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттерін видеоға түсіріп, онысын әлеуметтік желілерге жариялаумен аты шыққан 36 жастағы белсенді бар-жоғы шартты түрде 2 жыл 6 айға кесілді. Жаңа ғана үкім шыққан сот ғимаратында Шымкенттегі тілшіміз жүр. Бек, кеш жарық. Құқық қорғау органдарын сонша әлекке салған Жанпейісовке судья неге жеңіл жаза тағайындады екен?

-Иә, «бопсалау»  және «арнайы жазу құралдарын заңсыз пайдалану» секілді баптармен айыпталған Руслан Жанпейісовке судья шынымен-ақ жеңіл жаза тағайындады. 

Мұның себебі Жанпейісов сот барысында полицейлерден ақша алғандығын мойындады. Алайда, өзін полицейлердің әдейі ұйымдастырған тұзағына түстім деп отыр.

Руслан Жанпейісов:

-Мені екі эпизод бойынша айыптап жатыр ғой. Телефондағы шотыма полицейдің бірі менің мәжбүрлеуіммен 5 мың теңге салды дейді. Бұл өтірік. Ал, екінші жәйт бойынша иә менің  полиция қызметкерінен 50 мың теңге алғаным рас. Бірақ, мен сұрағаным жоқ. Керісінше полицейдің өзі ал да ал деп қанша рет жалынған соң алдым. 

Айта өтсем, автомобиль жүргізушілерінің құқын қорғау ұйымының белсендісі Руслан Жанпейісов көлік бақылау инспекциясынан бастап, ауруханадағы былықтарға дейін видеоға түсіріп, ғаламторға жариялап жүрген-ді. Әсіресе, ішкі істер өкілдері Жанпейісов десе зәре құты қашатын. Күнгейлік полицейдің қызметттік көлік ішінде ұйықтап жатқанын түсіріп алған ол ұйқыны соққан полицейден 50 мың теңге алу кезінде қолға түскен.

Наурыз айында ұсталған ол жарты жылын тергеу абақтысында өткізген. Сондықтан, судья тағайындаған 2 жарым жылдан қазір 2 жылы ғана қалып отыр. Полицейлермен айқасып үйренген ғаламтор жұлдызы алайда үйренген ісімді тастамаймын деп отыр. Яғни, тәртіп сақшыларының ізіне май шам алып түспесе де, заңсыз әрекетін көрсе тағы да видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратпақшы. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.