{metadescription}
Алматы облысыдағы Боралдай ауылының тұрғындары трансформатор үшін жаға жыртысты
Алматы облысыдағы Боралдай ауылының тұрғындары трансформатор үшін жаға жыртысты

Алматы облысыдағы Боралдай ауылының тұрғындары трансформатор үшін жаға жыртысты

Өйткені электр қуатын тартамыз деп ақша жинаған ауылдастарының жымысқы әрекеті әшкере болған.

200 үйден ақша жинағаен келіншек тарифті де өзі бекітіпті. Аңғал жұрт осы уақытқа дейін алданып келгендерін жарық үшін қыруар қарыз жазылған түбіртек келгенде бір-ақ ұқты. Тамыз айына олар бір миллион теңге берешек болып шыққан. Ал шын мәнінде трансформатор әлдеқашан әкімдіктің балансына өтіп, тұрғындар ақыны әлдекімнің қолына емес мемлекетке төлеулері керек екен. Оны жергілікті шенділер де айтпаған. Боралдай ауылының әкімі бұл жолы да жауапкершіліктен ат-тонын ала қашып отыр. Трансформатор әкімдік балансында екенін мойындағысы жоқ. Ашынған халық базыналарын айтып, ауыл басшысын сұрақ астына алды. Бірақ, түйіткілдің түйінін тарқатар жауапты ести алмады.

Мұрат Сәлімбаев Боралдай ауылының әкімі:

-Менде баланста жоқ деп отырмын! Сізге қанша рет айтамын. Мен сіздерге тағы да айтып отырмын, қағазды мен туған жоқпын!!! 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде