{metadescription}
Тікелей эфир: Ақтөбеде қала шетіндегі көпір маңынан табылған екі бүлдіршіннің ата-анасы іздестірілуде
Тікелей эфир: Ақтөбеде қала шетіндегі көпір маңынан табылған екі бүлдіршіннің ата-анасы іздестірілуде

Тікелей эфир: Ақтөбеде қала шетіндегі көпір маңынан табылған екі бүлдіршіннің ата-анасы іздестірілуде

Күн суықта бүрсеңдеп тұрған балаларды сол маңның тұрғындары байқаған. Қазір олар сәбилер үйінде. Тілшіміз Жаңалық Ахаш бөбектердің жағдайын біліп қайтқан еді. Қазір бізбен байланысқа шыққалы отыр. Қайырлы күн, Жаңалық! Күн суықта бұл балалар қалайша көше кезіп қалған?

Қайырлы күн, Мәдина. Бұл балалар осыдан үш күн бұрын Заречный-2 елді-мекеніндегі көпір жанында табылғаны рас. Жас шамалары бір жарым- екі жаста. Екеуінің де тілі шықпаған. Әке-шешесінің кім екенін айтпақ түгілі, аттарын білмейді. Сәбилер үйіндегілер ұлға Медет, қызға Үміт деп ат қойыпты. Табылған күні балалар қатты тоңып қалған. Бірақ денсаулықтары жақсы дейді. Ешқандай сырқат белгілері анықталмады. Қазір сәбилер үйінде тұмауға қарсы карантин. Сондықтан сырттан мұнда ешкімді жолатпайды. Полицейлер бөбектер табылған маңды толық шолып шықтық деп отыр.

Эльвира Тарғынова, Заречный полиция бөлімінің инспекторы:

-Табылған жерден біз іздестіру жұмыстарын жүргіздік. Ата-анасын немесе олардың туысқандарын анықтау мақсатында. Бірақ ешқандай да нәтиже болған жоқ. Бұл балаларды ешкім танып білген жоқ.   

-Жаңалық, тәртіп сақшыларының балалардың ата-анасына қатысты қандайда бір жорамалдары бар ма?

-Балалар табылған кезде киімдері бүтін болған. Екі жас шамасындағы ұлдың бетінде жара бар екен. Қараусыз қалған балалардың кір-қожалақ болып жүретіні мәлім ғой. Ал тәртіп сақшыларының айтуынша, бүлдіршіндердің әкесі қазақ, шешесі еуропалық нәсілді болуы мүмкін. Әзірге менде бар ақпарат  осы. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде