{metadescription}
Көкшетауда адам өлтіріп, мәйітті бөлшектеп өзенге ағызып жіберген қандықол қылмыскер жазасын алды.
Көкшетауда адам өлтіріп, мәйітті бөлшектеп өзенге ағызып жіберген қандықол қылмыскер жазасын алды.

Көкшетауда адам өлтіріп, мәйітті бөлшектеп өзенге ағызып жіберген қандықол қылмыскер жазасын алды.

Александр Безруков 20 жылын абақтыда өткізбек.

Бұл қанды оқиға өткен жазда болған. Қылмыскер Николай Кулаковскиймен түнгі клубта бірге қыдырып, қомақты ақшасы бар екенін білгендіктен үйіне бірге барыпты. Кіре салысымен 26 жастағы танысын басынан ұрып құлатып, пышақтап тастаған. 500 мың теңгесін қалтасына салып алғаннан кейін мүрдені жасырмақ болыпты. Сөйтіп, өлі денені бөлшектеп, үйіне жақын жердегі өзенге апарып лақтырған. Тіпті мәйіттің бөліктері су бетіне қалқып шықпас үшін тас байлаған. Аяқ астынан жоғалып кеткен азаматты ел болып іздеп, Қылшақты өзенінен тапты. Ал қылмыскер Украина асып кетуге әрекеттеніпті. Сөйтіп, осы елдің Ресеймен шекарасында ұсталған. Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады.

Рита Кулаковская, марқұмның анасы:

-Осы шешімді қанағат тұтып отырмыз. Бәрібір енді балам қайтып келмейді. Оңбаған түрмеде шірісін!

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.