{metadescription}
Алматыда қымбат пәтер сатып алған жұрт өкініп қалды
Алматыда қымбат пәтер сатып алған жұрт өкініп қалды

Алматыда қымбат пәтер сатып алған жұрт өкініп қалды

Элиталық үй өркениеттен жұрдай! Алматыда қаланың қақ ортасынан қымбат пәтер сатып алған тұрғындар су, жылу, жарыққа жарымай отыр. Өйткені, нысан энергетика мекемелерінің балансында жоқ болып шыққан. Ашулы жұрт үйдің онсыз да шала-шарпы салынғанын айтады. Әлден қабырғалары көгеріп, қабырғадағы кафельдері түсіп жатыр.

Бұл  қаланың қақ ортасындағы элиталық санатқа жататын үй. Шаршы метрі өзге нысандардан әлдеқайда қымбат. Тек ішіндегі жағдай соған сай келмейді. Тұрғындар мұнда көшіп келгелі су, жылу, жарық тапшылығынан көз ашпаған.

Ләззат Тайжанова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Алдымызда қыс келе жатыр. Қыста су, жарық, жылу  болмаса не болдық?!

Тіпті, үй құжат жүзінде энергетика мекемелерінің балансында жоқ болып шығыпты. Сөйте тұра, ол пайдалануға берілген. Жауаптылар да құрылысты көз жұма қабылдап алыпты. Енді, соның кесірінен жазықсыз тұрғындар миллиондаған қарызға батып отыр.

Айнұр Ұзақбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Коммуналдық мекеме бізден жоғары тарифпен ақша жинайды. Су мен жарық жиі өшсе де, оны уақытылы төлеп келдік. Бірақ, энергетика мекемелері бізге миллиондаған қарыз іліп отыр. Төлеген ақшамыз коммуналдық мекеме басшысының қалтасында кеткен.

Яғни, екі ортада пәтер иелері кооперативі қалтасын қампайтуда. Үйдің сапасы да сын көтермейді. Әлден қабырғалары көгеріп, тұсқағаздары түсіп жатыр. Ал, подьездегі кафельдер балалардың басына құлай жаздапты. Жауын жауса, жертөледегі көлік тұрағы да суға толып, әбігерге салады.

Қаланың екінші бетін Мына тұрғындардың да жаңа элиталық үйі шала-шарпы тұрғызылыпты.

Ең қызығы, бұларға да сол коммуналдық мекеме қызмет көрсетеді.

Су мен жарықтың ақысын дер кезінде төлесе де, тағы да бастарына 24 миллион қарыз ілінген. Ал, пәтер иелері кооперативіне оның себебін сұрап барғандар таяқ жеп қайтыпты. Жұрттың ақшасын қалтаға басқан бұл мекеменің кеңсесі бүгін тарс жабық. Ал, үйді салған мердігер кінәні соларға жапты.

Бұлбұл Доған, құрылыс компаниясының директоры:

- Тұрғындар үйге кіргенде су да, жарық та, жылу да болды. Құжатымыз түгел. Ал, қазір онда пәтер иелері кооперативі бар. Бар мәселені солармен шешіңіздер. Біздің қатысымыз жоқ.

Ал, ашынған тұрғындар енді қос мекемені де сотқа бермек.

Осылайша, үйді салғандар жауапкершіліктен ат тонын ала қашып отыр. Сондықтан, биыл да бұл үйлердегі су, жылу, жарық мәселесінің бас қайғы болмасына ешкім кепілдік берген жоқ. Жиналған қарызды да кімнің өтейтіні белгісіз. Құрылыс компаниясы тек үйдің подьезі мен сыртындағы кем-кетігін жөндеп беруге уәде етті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде