{metadescription}
Астанада автобуста тегін жүргені үшін салынатын салық тұрғындардың түсінбестігін туғызды
Астанада автобуста тегін жүргені үшін салынатын салық тұрғындардың түсінбестігін туғызды

Астанада автобуста тегін жүргені үшін салынатын салық тұрғындардың түсінбестігін туғызды

Астаналықтарға ғана арналған салық! Елорда шенеуніктері  қоғамдық көліктерге бюжеттен бөлінген қаржыны тұрғындардан өндіріп алмақ. Өйткені, автобустарға жауапты "Astana LRT" компаниясы шығынды ақтай алмай отыр. Сондықтан, әкімдік әр үйге 3800 теңге төлеуді міндеттемекші. Бұл автобуспен қатынайтындарға да, қоғамдық көлікке мүлдем мінбейтіндерге де қатысты. Мұны естіген жеке көлігі барлар мен автобуспен жүрмейтіндер жаппай қарсылық танытуда.

- «Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады» деген ақпарат алғаш тарағанда, жұрт «бөркін аспанға атып» қуанған. Алайда кейін қуаныштары су сепкендей басылды. Себебі әкімдіктің түпкі ойы басқа екен. Шын мәнінде шенеуніктер тұрғындардың есебінен шығынды ақтай алмай отырған "Astana LRT" компаниясына бюджеттен бөлінген қыруар қаржыны қайтарып алмақ.

Әр үйден 3800 теңгеден жинайық деп ұсыныс жасаған да осы - "Astana LRT" компаниясы. Егер Елордада 1 ай автобусмен жол жүру картасы 7 мың 500 теңге тұратынын ескерсек, бұл қоғамдық көлікке жиі мінетіндер үшін өте тиімді. Олар ақшасын екі есе үнемдейді. Ал көлігі бар немесе автобуспен сирек қатынайтындар қарадай 4 мыңға жуық теңге төлеуге мүлдем келіспей отыр. 

-Жоқ қарсымын. Мінбейтін адамдар да бар ғой. Мен анда-санда мінемін автобусқа.

-Жоқ, мен неге төлеймін жайдан-жай? Біреуге ақшаны неге беруім керек? Менде машинам бар. Автобусың маған керек емес.

Әкімдіктегілер жеке көлігі барлар үшін ақылы автотұрақтың бағасын арзандатамыз дейді. Бірақ бұл бастамаға кейбір сарапшылар да қарсылық білдіріп үлгерді. Мамандар шенеуніктер алдымен "Astana LRT" компаниясына бюджеттен бөлінетін қыруар қаржының қайда жұмсалғанын  жариялауды талап етуде. Ал әкімдік қоғамдық көліктерге жауапты компанияға жылына 80 миллиард теңге субсидия береді. Мекеме осы шығынды ақтай алмай отыр екен.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

-Соңғы 5 жылдан жолақысы 90 теңгеден көтерілмеді. Ал бұл аралықта бензин бағасы өсті, девальвация болды. Егер тарифті 150 теңгеге көтерсек, бюджет шығыны 30 миллиардқа азаяды. Жол ақысы 300 теңге болса, субсидияны мүлдем тоқтатуға болады.

"Bus километр"  - теңдесі жоқ жоба дейді Исекешев. Әкімнің айтуынша, егер әр пәтер 3800 теңге төлесе, автобустар жолаушыға таласып, бір-бірімен жарысқанды да қояды екен. Қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Астанаға келген қонақтардың да жолақысын қала тұрғындары көтеруі мүмкін.

Бекмырза Игенбердиев, Астана қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының бастығы:

-Астанаға келген меймандардың немесе жеке пәтері жоқ азаматтардың жол ақысын төлейтін,  не төлемйетіні жайлы ештеңе айта алмаймыз. Бұл әзірге ұсыныс ғана . Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, Астана үшін ерекше жағдай жасағымыз келген.

"Bus километр" нақты қалай жұмыс істейтініні шенеуніктердің өзі толық түсіндіре алмайды. Атқамінерлер тек жеңілдігі барлар, яғни, зейнеткер, мүгедектер мен көпбалалы аналар жаңа салықтан босатылатынын біледі. Ал жаңа салық коммуналдық қызмет түбіртегіне жазылады да, ай сайын әр пәтерге хат болып келеді. 

Бұл әзірге ұсыныс ғана. Жаңа жоба әлі талай талқыға түсері анық. Бірақ әкімдік қалай болғанда да қоғамдық көлікте жол жүру  ақысын өзгертпек. Егер жұрт 3800 теңге төлеуден бас тартса, жол ақысы 300 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде