{metadescription}
Лас-Вегаста қанды қырғын салған адамның кім екені анықталды
Лас-Вегаста қанды қырғын салған адамның кім екені анықталды

Лас-Вегаста қанды қырғын салған адамның кім екені анықталды

Лас-Вегастағы атыстан қаза тапқандар саны елуден асты. Тағы 400-ден астам адам жараланған. Осынша адамды жайпаған қандыкөз Стефен Паддок есімді 64 жастағы зейнеткер болып шықты. Арнайы жасақ ол жасырынған қонақүйдің 32-қабатындағы бөлмесіне басып кіріп, сол сәтте-ақ атқыштың көзін құртқан.

Енді соның қасында жүрген Мэри Лу Дэнли есімді әйел іздестіріліп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар кантри музыкасының кешіне келген көрермендер еді. Қазір оқиға болған жер қоршауға алынды. АҚШ-тың құқық қорғау органдары әлден-ақ Стефен Паддоктың ешқнадай террористтік ұйымға қатысы жоқ екендігін жариялап қойды. Сондай-ақ, бұл жағдайдан зардап шеккен отандастарымыз туралы да ақпарат жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде