{metadescription}
Ресей әскері Сириядағы лаңкестерді  қырып жатыр
Ресей әскері Сириядағы лаңкестерді  қырып жатыр

Ресей әскері Сириядағы лаңкестерді қырып жатыр

Ресей әуе-ғарыш күштері Сириядағы «Джебхат ән-Нусра» лаңкестік ұйымының қолбасшыларын қырып салды.Ал ұйымның басшысы бір қолынан айрылып, ауыр хәлде жатыр. Ресей Қорғаныс министрлігі осындай ақпарат таратып отыр.

Әуеден жасалған шабуылдардың ғарыштан түсірілген видеосы ғаламторда жарияланған. Ресей тарапының мәліметінше, террорлық ұйым басшылары жиналыс өткізбек болыпты. Ресей барлаушылары оны біліп қойған. Сөйтіп, Су-34 және Су-35 тас төбесінен бомба жаудырыпты. Нәтижесінде 50 лаңкес пен 12 қолбасшының көзі жойылып, жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Жулани бір қолынан айрылып, тағы көптеген жарақаттар алған. Айта кетейік, «Джебхат ән-Нусра» 2011 жылдан бері Сирия жерінде ойран сап келе жатқан террорлық ұйым болып табылады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.