{metadescription}
Елімізде ұшақ апаты неліктен жиілеп кетті?
Елімізде ұшақ апаты неліктен жиілеп кетті?

Елімізде ұшақ апаты неліктен жиілеп кетті?

Айта кетсек, бұл соңғы төрт айда елімізде апатқа ұшыраған алтыншы әуе техникасы. Жалпы он адам қаза тапқан. Айдын- күннің аманында құлап жатқан әуе көліктерін естеріңізге салайық. 

Шілдеда ғана «Қазавиаға» тиесілі Як-12 ұшағы жүгері дәрілеу барысында Алматы облысы Жаркент қаласының маңында құлап екі адам түгі қалмай жанып кеткен. Араға екі апта салып Алматы төңірегінде оқу-жаттығу барысында Азаматтық авиация академиясының әуе көлігі апатқа ұшырап, курсант пен ұшқыш оқиға орнында көз жұмды. Ал 25-ші тамызда жеңілмоторлы ұшақ Балқаш ауданына құлады. Ол кезде ұшқыш қайтыс болып, жолаушы аман қалған. Тағы төрт күн өтпей Ақтөбе облысында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшыраса, 22-ші қыркүйекте Ми -2 тікұшағы жерге қона алмай құлаған болатын. Ал ақпанда Шығыс Қазақстанда тікұшақ апатынан бір адам қаза тапса, өткен қыста Алматы облысында Үшаралдан Талдықорғанға науқас баланы алып келе жатқан дәл осы санавиацияның тікұшағы құлап, бес адам да көз жұмған еді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде