{metadescription}
Петропавлда зират басындағы гүлдерді тонап оны сатумен айналысқан саудагер ұсталды
Петропавлда зират басындағы гүлдерді тонап оны сатумен айналысқан саудагер ұсталды

Петропавлда зират басындағы гүлдерді тонап оны сатумен айналысқан саудагер ұсталды

Петропавлда зират тонаған саудагер ұры құрықталды! Түнделетіп қорым аралаған ол қабір басындағы гүл шоқтарын қолды қылып, күндіз бар олжасын сатып отырған. Осылайша арам жолмен ақша тауып келген әккі оқиға орнында ұсталды.

Ұрыны құрықтау үшін арнайы операция жүргізген сақшыларға зираттың күзетшісі көмектескен. Алғашында көлігінен табылған гүл шоқтары мен дестелерді қоқыстан тауып алдым бет бақтырмаған ұры, кейін бәрін мойындапты. Қолға түскен 37 жастағы күдікті оңай олжасын өзінің сауда нүктесінде сатып келген екен. Ал, мұндай жайсыз оқиға жайында жаз айынан бастап сақшыларға арыз түсе бастаған. Онда тұрғындар марқұмдардың қабірінің басына қойылған гүл шоқтарының жоғалып кетіп жатқанын айтып шағымданған. Енді ұры үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.