{metadescription}
Елімізде түз тағысы көкжалдар арасында өмір сүрген адам табылды
Елімізде түз тағысы көкжалдар арасында өмір сүрген адам табылды

Елімізде түз тағысы көкжалдар арасында өмір сүрген адам табылды

Үш айлығында қасқыр ұрлап кеткен бала арада жиырма жыл өткесін Ақсу-Жабағылы қорығында көзге түскен. Алматыда осындай шытырман оқиғаға толы «Көкжалдар» көркем фильмінің тұсауы кесілді.  Аңыз бен ақиқат шынайы өрілген туындыны тамашалаған қауым «ұлттық кодымызды жаңғырту жолында таптырмас туынды» деп бағалап отыр.

Кино желісі бойынша бір аңшы қасқырдың арланын атып алады. Тірі қалған жұбы кек қайтару үшін оның үш айлық баласын ұрлап кетеді. Арада жиырма жыл өткенде адамдар қасқылар ортасында жүрген мақұлықты байқап, оны құрықтауға арнайы топ құрылады. Ал, көрермендер туындының немен аяқталатынына бір айдан кейін прокатқа шыққанда көз жеткізе алады. Әрине, фильмді бір қарағанда жабайы табиғат арасында буыны бекитін әйгілі Маугли немесе Тарзан еске түсуі мүмкін. Бірақ, режиссердің айтуынша, қасқыр тотемі негізгі идея болып алынған «Көкжалдар» киносында қасқырдың текті мінезі мен қазақтың асыл қасиеті дәріптелген.

Еркін Рақышев, «Көкжалдар»фильмнің режиссері:

-Фильмнің негізгі мақсаты, түркі текстес халықтар, қазақтар қасқырдан тарағанбыз деп айтылады. Осы кино арқылы қасқырдың мінезін қазаққа жеткізу, қасқырдың текті мінезі арқылы жастардың рухын, санасын ояту.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде