{metadescription}
Көкшетауда пошта ғимаратын ағайындылар тонапты
Көкшетауда пошта ғимаратын ағайындылар тонапты

Көкшетауда пошта ғимаратын ағайындылар тонапты

Қазір қамауға алынған ағалы-інілілер бұл әрекетке жоқшылықтан бардық деп ақталған. Ал поштадан алып кеткен 1 миллион теңгеден аса қаржыны олар жұмсап үлгермеген екен.

22 және 29 жастағы ағайындылар поштадан тонап әкеткен ақшаны пакетке салып, далада үйдің іргесінде жатқан таспен бастырып қойған. Кешқұрым екеуі қолға түскеннен кейін әлі жұмсап үлгермеген сол қаржыны полицейлерге қайтаруларына тура келді. Бұлар Көкшетау іргесіндегі Застанционный кентінде пәтер жалдап тұрады екен. Қолдарында дәл сол өздері тонаған поштадан зейнетақы алатын қарт әкелері бар. Екеуі де жұмыссыз. Үлкені бұрын ауыр қылмыс жасап сотталған. Қарақшылық шабуыл жасалған күні сол маңдағы қамыс арасында киімдерін ауыстырғанын көрген куәгерлер де табылыпты. Естеріңізге салсақ, Көкшетаудағы пошта бөлімі үш күн бұрын тоналған еді. Күдіктілер ертеңіне ұсталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде