{metadescription}
Алматы облысында малын жаятын өріс таппай қиналған жұрт шу шығарды
Алматы облысында малын жаятын өріс таппай қиналған жұрт шу шығарды

Алматы облысында малын жаятын өріс таппай қиналған жұрт шу шығарды

3 бірдей ауыл бос жатқан гектарларға төрт-түлігін кіргізе алмай зәрезап болған. Өйткені, аяқасты өрістің иелері пайда болып, жұрттың ұсақты-ірілі малын қуып шығыпты. Содан күні төрт-түлікке қараған жұрттың жағдайы әбден жүдеген. Мал да арам қатып жатқан көрінеді. Ашынған халық бұған жерді талан-таражға түсірген шенділерді кінәлап отыр.

Амангелді ауылының өзінде мың бас мал бар. Қазір соның бәрі айналдырған 10 гектар жерде жайылады. Өйткені, осы аумақтан аттап басуға рұқсат жоқ. Негізі, мұнда шөбі шүйгін бос жатқан жер жетеді. Тек оның аяқасты пайда болған иелері төрт-түлікті жолатқысыжоқ.

Телман Ілеев, Амангелді ауылының тұрғыны:

- Қалайша оны біреуге рәсімдегенін біз білмейміз . Малыңды әкелме деп жатыр.

Саймасай ауылдық аймағындағы тағы 2 елдімекен осылай жайылымға жарымай отыр. Соның кесірінен, тек малдың емес, тұрғындардың жағдайы қиындапты.

Бектен Ахметов, Амангелді ауылының тұрғыны:

- Ауылда мал болмаса қалай күн көреді. Сол бір сиырдың арқасында осы бала-шағасын бағып отырған сол. Сол сүтін сатып, етін сатып көріп отыр ғой халық.

10 гектар жерге қамалған мал, тіпті, қырыла бастаған. Иелері мұны да өрістің тапшылығымен байланыстырады.

Телман Ілеев, Амангелді ауылының тұрғыны:

- Ауырып жатыр мал. Өліп жатыр. Қорадан шықпаған соң ол керегін тауып жей алмайды ғой. Сол үшін мал қиналып жатыр. Адамдар да қиналып жатыр.

Төрт-түліктің арам қатуына таршылық себеп екенін жергілікті ветеринар да растап отыр. Жуырда мұнда мал ауруы пайда болған. Кене тарататын індетті 30 бас сиыр жұқтырыпты.

Қанат Өмербаев, ветеринар:

- Амангелді ауылында ауру шықты. Бұл өзі шындап келгенде вакцинасы әлі белгісіз.

 - Жердің жетпегені себеп пе? 

-Ол бірінші фактор.

Айтуынша, қазіргі жайылымдық жерді кенеге қарсы өңдеу мүмкін емес. Өйткені, онсызда тар жер малдан босамайды. Сондықтан, аурудың одан әрі өршіп кетпесіне кепіл жоқ. Дегенмен, бұған дейін жұрттың жан айқайына құлақ аспай келген ауыл әкімі енді көмектесемін деп уәде етіп отыр. Бірақ, ол

өрістік жердің кімге, қашан сатылғанын білмейтін болып шықты. Ал, енді бір айдың ішінде құжаттарды реттеп, аумақты әр малшыға бекітіп бермек. Сөйтіп, жайылым тапшылығын тамырымен жоямыз деп сендірді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.