{metadescription}
Шымкентте пара алып жатқан кезде ұсталған шенеунік екі айға қамауға алынды
Шымкентте пара алып жатқан кезде ұсталған шенеунік екі айға қамауға алынды

Шымкентте пара алып жатқан кезде ұсталған шенеунік екі айға қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген 600 мың теңге аламын деп абақтыға түсті.

Қалтасынан бума-бума 10 мың теңгеліктер шығып жатқан Болатбек Төлегеновтің облыстың бас идеологы ретінде тағайындалғанына да көп уақыт өткен жоқ. Бір жыл бұрын ғана келген. 600 мың теңгемен қолға түскенімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының өкілдері басшы 2 миллион 100 мың теңге алмақшы болған дейді. Мол ақшаны не үшін және кімнен алып жатқаны ашып айтылмағанымен, мемлекеттік сатып алу бойынша былықтарға қатысы бар екені анық. Қазір бас идеолог қылмыстық жоспарды қалай және кіммен құрғанын тергеушілерге айтып жатыр.

Сержан Айнабеков, Абай аудандық сотының судьясы:

 -Өзінің жүргізушісі арқылы 600 мың теңгемен пара ретінде ұсталған. Бұл тергеп-тексеру органдарымен дәл осылай күдіктеліп отыр. Сондықтан, 8-ші қазан 2017 жылы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының тергеу судьясымен аты аталған азамат 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.