{metadescription}
Алматыда 18 жасар қызды айуандықпен өлтірген қаскөй ұсталды
Алматыда 18 жасар қызды айуандықпен өлтірген қаскөй ұсталды

Алматыда 18 жасар қызды айуандықпен өлтірген қаскөй ұсталды

Алматыда алдымен із-түссіз жоғалып, 2 айдан кейін мәйіті табылған Назерке Әріптің өмірін қиған қашқын қамауға алынды. 33 жастағы такси жүргізушісі оны қалай қорлағанын да сақшыларға өз аузымен айтып берген. Бұған дейін де бірнеше рет ауыр қылмыс үшін істі болған ол қызды зорлап, артынша тұншықтырып өлтіріпті. Кейін бұл әрекетін жасыру үшін, мәйітті Кеңсай зиратына тастап кеткен. Ал, өзі осы уақытқа дейін қашып жүрген екен.

18 жастағы абитуриентті қалай өлтіргенін полицейлерге қаскөйдің өзі жіпке тізгендей айтып берген. Ол 33 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екен. Такси тоқтатқан қызды көлігіне отырғызып, діттеген жеріне жеткізудің орнына, аяусыз зорлапты. Құтылу үшін тұншықтырып өлтірген. Сөйтіп мәйітті адам жоқ жерге тастап кеткен.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Өлі денесінен құтылу мақсатында қаламыздағы бейіттердің бірінің жанына әкеліп лақтырып кеткен. Осы азамат қамауға алынып, қазір түсініктемелер беруде.

Назерке шілдеде жоғалғанымен, денесі 2 айдан кейін, яғни қыркүйекте Кеңсай зиратынан табылған болатын. Оны қорлап өлтірген азаматтың тұлғасы бірден анықталғанымен, оны ұстау оңайға соқпады. Қаскөй осы уақыт ішінде қашып жүріпті. Ал, марқұмның анасы қызды танымайтын адам ұстап отырғанын о баста сезген болатын.

Сәуле Сарбаева, Назеркенің анасы:

- Менің өз ойым, мүмкін бір танымайтын кісілер алып кетуі мүмкін, таксиге мініп.

18 жасар Назерке Әріп мектепті биыл ғана бітірген. Сөйтіп, ҰБТ-дан жоғары балл жинап, медициналық университетке түсуді армандап жүріпті. Бірақ, аяқасты жоғалып кетіп, сақшылар да, еріктілер де қызды жер-жерден іздеуге кіріскен болатын. Бірақ жас түлектің әбден қорланған сүйегі ғана табылды.

- Қазір абитуриенттің жантүршігерлік өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Назеркенің жақындары сотта күдіктіге  ең ауыр жаза тағайындалуын талап етпек. Айта кетсек, қызды қорлап өлтірген күдікті бұған дейін де ауыр қылмыс жасап, бірнеше рет істі болған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде