{metadescription}
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: Алматыда пәтерін заңсыз жалға беретіндерге қарсы күрес басталды
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: Алматыда пәтерін заңсыз жалға беретіндерге қарсы күрес басталды

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: Алматыда пәтерін заңсыз жалға беретіндерге қарсы күрес басталды

Ешқандай құжатсыз, ауызша келісіммен жүзеге асатын мұндай кәсіпкерлік заңмен қудаланады. Оларды тәртіпке шақыру үшін салық органдары өкілдері арнайылап рейдке шығатын болған. Бірақ, заңды түсіндіруге келгендермен көпшілігінің әңгімесі жараспайды. Заңсыз кәсіпкерлермен қырқысып қайтқандар арасында біздің тілшіміз Ербол Тұрымбет те болып келді. Ол қазір бізбен тікелей байланыста. Ербол, салықшылармен салғыласатындар шынымен көп пе? Қырқысып жүргендер кім?

Иә, Мәдина, рейд жүргізу де оңай емес. Сырттай бақылап жүрген біздің өзіміз талай жағдайға тап боламыз. Ал салық саласының өкілдері ашуға булыққан кей азаматтарға тәптіштеп түсіндіріп әлектенеді. Яғни, пәтерін жалға беретін азамат міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде салық орындарына тіркелуі керек. Сондағысы табысынан екі пайыз көлемінде салық төлейді. Бірақ, оған кейбіреулер тіпті құлақ асқысы келмейді.

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерімен бірге заңсыз кәсіпкерлерді іздеп шыққанбыз. Қандай жәйтқа тап болғанымызды бірге тамашалайық.

-Қ анша жерден келсін, бір тиын бермеймін мен. Өкіметке ештеңе бермеймін, өйткені маған ештеңе беріп жатқан жоқ олар.

Мәдина: Қателеспесек, заң тек пәтерін жалға беру ғана емес, кез келген ғимаратты кәсіпкерлік мақсатқа пайдалануға рұқсат бермейді. Ондай жағдайлар тіркелді ме?

Әрине, рейд барысында оған да жолықтық. Мәселен, «Думан» ықшамауданындағы бір азамат екіқабатты ғимарат соғып, онысын 25 пәтерге бөліп тастаған. Барлығында дерлік адам тұрып жатыр. Ал оған қоса, жертөлесінде нан пісіру цехы жұмыс істеп тұр екен. Тап үстінен түскендегі көрініс мынау, санитарлық жағдай сын көтермейді.

Нан пісіретін адам ол жерді жалға алып отыр екен. Не кәсіпкерлік туралы өзінің құжаты жоқ. Жалға алу туралы да қожайынмен арадағы келісім құжаты жоқ.

Ал бұл азаматтарға енді қандай шара қолданылады?

Заң аясында қолданылатын шаралар реті бар. Ол жөнінде салық қызметкерлері былай дейді.

Қуаныш Түменбаев, Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

-Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жатқан азаматқа 34 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, материалдар сот орындарына жолданады. Сот орындарында заңсыз кәсіпкерлікке қолданылып жатқан мүлік тәркіленуі мүмкін.

Бірақ, бұл жолы барлығына хабарландыру қағазы берілді. Әлгі бір ашулы кісіден басқасының бәрі дүйсенбіге дейін барып тіркелуге уәде беріп жатыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.