{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министріне сөгіс жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министріне сөгіс жариялады

Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министріне сөгіс жариялады

Осы бензин тапшылығы үшін білдей бір министрдің еңбек кітапшасы бүлінді. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министріне сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

-Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы негізінде ішкі нарықта жанар-жағармай материалдарына тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені және  жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат  Бозымбаевқа сөгіс жарияланды.

Бозымбаевтың қателігін кеше Үкімет отырысында премьер-министр де бетіне басқан болатын. Өйткені, Энергетика министрлігі еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының екеуі жөндеуге жабылатынын біле тұра тапшылыққа алдын ала дайындалмаған. Яғни қазір жұмыс істеп тұрған Шымкенттегі зауыттың ішкі сұранысты қамтуға шамасы жетпей тұр. Ал, Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары дәл жанармайға сұраныс артқанда бірінен соң бірі жөндеуге жабылғаны белгілі. Сондықтан премьер-министр жанармай жетіспеушілігін реттей алмай отырған Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы Елбасыға өтініш жазған болатын. Ал, бензинге жауапты оның орынбасары Әсет Мағауов болса тіпті қызметінен қуылған еді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.