{metadescription}
Талдықорғанда тәрбиешілер жекеменшік балабақшадағы былықты жайып салды
Талдықорғанда тәрбиешілер жекеменшік балабақшадағы былықты жайып салды

Талдықорғанда тәрбиешілер жекеменшік балабақшадағы былықты жайып салды

Олардың айтуынша, меңгеруші қарамағындағыларды құлша жұмсаған. Бала тәрбиелеудің орнына қызметкерлер бастықтың үйін тазалап, құрылысқа да жегілген көрінеді. Ал қарсы шыққандарды сөзге келместен қызметтен қуады дейді мұндағылар. Білім бөліміндегілер болса, оны тексеруге қауқарсыз. Себебі, балабақшаны бизнеске айналдырғандардың кәсібіне араласуға құқығы жоқ.

Шыдамы таусылған бұл үш қызметкер балабақшадан бір күнде арыз жазып шығып кетіпті. Жекеменшік мекемеде меңгерушінің құлша жұмсап, күн көрсетпегенін айтады. Бала бағудың орнына соның үйінің жұмысына жегіліп, тіпті құрылыспен айналысқан.

Әйгерім Ташиева, балабақшаның бұрынғы қызметкері:

-Бастығымыздың үйін жинап, өзіміздің еркімізден тыс жұмыстарға салды. Оған бармаймыз десек айыппұл салам,жұмыстан шығарам дейді. Қорқытқаны была тұрсын, аузына келген боғауызды айтады.

Балабақшаға пара бермесең жұмысқа алмайтынын айтады қызметкерлер. Меңгеруші қарсы шыққандарын бір күнде қызметінен қуатын көрінеді. Гүлшара Жақсылыққызы – солай жұмысынан кеткендердің бірі.

Балабақша меңгерушісі камера алдында сөйлеуден басын ала қашты. Ал қарамағындағыларды жұмыс кезінде құрылысқа жеккенін жасырмайды. Бірақ ешкімді күштеген жоқпын деп ақталды Гүлнар Керімбекова. 

Ал қалалық білім бөліміндегілер жекеменшік балабақшаға сөзі жүрмейтінін айтады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде қожайынның тәрбиешілерге не істесе де өз еркі екен.

Салтанат Бекбергенова, Талдықорған қалалық білім бөлімінің маманы:

-Бұлардың өздері жекеменшік. Өздерінің басшылары бар. Өздерінің әкімшілік тарапынан қаражатқа менің ешқандай қатысым жоқ. Басқа да еңбек туралы болсын. Өздерінің әкімшіліктері бар ғой. Өздері жұмыс істеуі қажет.

Шенеуніктердің айтуынша, жекменшік «Ашура» балабақшасы үздіктердің қатарында. Тіпті, ұстаздар күнінде меңгерушіні алғыс хатпен де марапаттапты. Дегенмен, қорлық көрдік деген тәрбиешілер енді оны сотқа бермекші. 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде