{metadescription}
Павлодарда 5 жасар қызға азғындық жасауға әрекеттенді деген күдікпен балабақша қызметкері қамауға алынды

Ұсталған 40 жастағы ер адам мекемеде аула сыпырған екен.

Бұл жағдай қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болды. Күдікті арам ойын мекемедегі дәретханада жүзеге асырмақшы болған көрінеді. Мұны 5 жасар қыздың өзі баяндап берген. Ал балабақшадағылар бұл жайтқа қатысты жұмған ауыздарын ашар емес. 40 жастағы күдіктіні ұстап алған полицейлер қазір тергеуді бастады. Аула сыпырушысының кінәсі дәлелденсе, ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бейсенбек Әлиев, Павлодар облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы:

 – Ата-аналардың шағымы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың айтуынша, балабақшаның аула тазалаушысы кішкентай қызға азғындық әрекет жасамақ болған. Бұл дәйекке қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, күдікті екі айға қамауға алынды

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде