{metadescription}
Талғат Мұсабаев Авиация комитетіне тағы шүйлікті
Талғат Мұсабаев Авиация комитетіне тағы шүйлікті

Талғат Мұсабаев Авиация комитетіне тағы шүйлікті

Сенатор аталған ведомстводан авиакомпанияларға сертификат беру және тексеру қызметін мүлдем тартып алу қажет деп отыр. Яғни, ұшақтар мен ұшқыштардың көкке көтерілуіне рұқсат беру мен қауіпсіздікті қадағалау ісімен бөлек мекеме айналысуы қажет.

Талғат Мұсабаев, Сенат депутаты:ауд

-Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, авиакомпаниряларға сертификат беретін ұйым мен оны тексеретін мекеме бөлек. Әрине, менің бұл ұсынысыма көп адам қарсы болады. Өйткені, ешкім біреудің қатаң қадағалауында болғысы келмйеді. Ал жаңадан құрылатын  мемлекеттік авиациялық бақылау органынан бәрі аяқ тартуы тиіс. 

Қазір еліміздегі әуе компаниялар мен ұшқыштарға сертификат беретін де, олардың жұмысын тексеретін де Азаматтық авиация комитеті. Мұсабаев  Үкіметтен осы қос қызметті Инвестициялар және даму министрлігінен  ажыратып, бөлек ұйым құруды талап етті. Ал жаңа мекеме ешбір министрлікке бағынышты болмауы тиіс. Және азаматтық ғана емес, ведомствалық, мемлекеттік авиацияны да уысында ұстайды. Сонда  қауіпсіздік те күшейеді дейді депутат. Ал соңғы кезде әуе апаттарының жиілеп кетуіне дәл осындай жеке және тәуелсіз қадағалаудың болмауы себеп екен. Сондай-ақ, сенаторлар жанармай тапшылығына  қатысты Мәжілістегі әріптестерінің ұсынысын қолдап, бүгін премьерге тағы сауал жолдады.  Жоғары палата депутаттары да Елбасы тапсырғандай төртінші мұнай өңдеу зауытының салынбауына не себеп екенін сұрап отыр.

Сәрсенбай Еңсегенов, Сенат депутаты:

-Жанар май тапшылығын жоюға байланысты мемлекеттік деңгейде жүйелі негіздегі шешімдер неге қарастырылмайды? Елбасының жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмасының осы уақытқа дейін орындалмау себебі неде? Ел тұрғындарын жанар май өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан қолға алынған шаралар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берсеңіз.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.