{metadescription}
Олигарх Тоқтар Төлешовтің соңғы мүлкін бүгін шымкенттік сот орындаушылары тәркіледі
Олигарх Тоқтар Төлешовтің соңғы мүлкін бүгін шымкенттік сот орындаушылары тәркіледі

Олигарх Тоқтар Төлешовтің соңғы мүлкін бүгін шымкенттік сот орындаушылары тәркіледі

Сыра королі отбасымен тұрған зәулім үй енді мемлекеттің меншігінде. Тек кезінде күнгейдің ең бақуатты әулеттерінің бірі тұрған ғимараттың іші қазір жартылай қирандыға көбірек ұқсайды. Себебі, олигархтың отбасы үйден кетер кезде баспанадан түк қалдырмай сыпырып кеткен.

Сыртынан қарағанда 3 қабатты болып көрінгенімен, зәулім сарай негізі 6 деңгейден тұрады. Ауланың өзі кезінде мұнда асқан дәулет пен сәулеттің болғанын байқатып тұрғандай. Таспен безендірілген тоғандардың үстінде өрнектеліп жасалған көпірлер мен альпі тауларының макеті мен сарқырама бар. Дегенмен, сыртынан сәулетті үйдің іші қаңырап тұр. Мұнда күні кешеге дейін тұрып келген отбасы мемлекетке ештеңе қалдырғысы келмеген сыңайлы. Тіпті, жарық қосқыштар мен сантехникаға дейін жұлынып, есіктердің ешқайсысы қалмаған. Едендегі паркетіне дейін жырымдалыпты.

Нұрлан Серікұлы, Еңбекші аудандық сот орындаушылары бөлімінің бастығы:

-Аталған үй мемлекет балансына өткізілген. Бұл мекен-жайда борышкерлер тұруына байланысты билік пен сотқа тиісті арыз түсіріп, соттың шешімі бойынша борышкерлер Төлегенов пен Жорабаеваны осы үйді өз еркімен босату жөнінде соттың шешімі шыққан. Бүгінгі күнге борышкерлер өз еркімен үйді босатып, сот шешімі толық орындалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде