{metadescription}
Парамен ұсталған Атбасар әкімінің ісіне лауазымды полицейдің  қатысы бар болып шықты
Парамен ұсталған Атбасар әкімінің ісіне лауазымды полицейдің  қатысы бар болып шықты

Парамен ұсталған Атбасар әкімінің ісіне лауазымды полицейдің қатысы бар болып шықты

Ақмола облысында өткен айда қамауға алынған Атбасар ауданының экс-әкімінің ісіне қатысы бар деген күдікпен осы өңірдің бас полицейі ұсталды. Бұған дейін аудан басшысы Андрей Никишов пен оның орынбасары 4 миллион теңге парамен қолға түссе, полиция подполковнигі Шамсиддин Түбеков 400 мың теңге алып жатқанда құрықталған.

Бұл шулы істі біріктіріп тұрған – Атбасардағы көктемгі тасқын. Топан судан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген қаражаттың «қызығын» осы өңірдің біраз атқамінері көргенге ұқсайды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлері Никишовтың ісін тексеру кезінде аудандық ішкі істер бөлімі бастығының ізіне түскен. Ал Түбеков көші-қон заңдылығын сақтамаған серіктестік директорын әкімшілік жазадан босатуға уәде еткен екен. Сөйтіп, директордан бірнеше рет ақшалай сыйлық алған. Соңғы рет «қызметін» 400 мың теңгеге бағалаған подполковник ақыры қақпанға түсті. Қазір ол Көкшетаудағы уақытша қамау абақтысында отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.