{metadescription}
Тоқтар Төлешовтың ұлы мен бәйбішесі қара шаңырақтағы дүние-мүліктің дымын қалдырмай  сыпырып әкеткен
Тоқтар Төлешовтың ұлы мен бәйбішесі қара шаңырақтағы дүние-мүліктің дымын қалдырмай  сыпырып әкеткен

Тоқтар Төлешовтың ұлы мен бәйбішесі қара шаңырақтағы дүние-мүліктің дымын қалдырмай сыпырып әкеткен

Ал тағы бір атышулы олигарх Тоқтар Төлешовте тігерге тұяқ қалмады! Шымкенттің сот орындаушылары «сыра королінің» соңғы үйін тәркіледі. Десе де, әкесінен қалған қара шаңырақтан Төлешовтың үлкен ұлы мен бәйбішесі дымын қалдырмай сыпырып әкеткен екен. Кезінде күнгейдің ең бақуатты әулеттерінің бірі тұрған ғимараттың іші қазір «жылан жалағандай».

-Оңтүстіктегі ең дәулетті отбасылардың бірі талай жыл тұрған бұл үйге талай адам тамсана қарайтын. Алайда тілшілерге Тоқтар Төлешовтің үйіне тек олигархтың өзі қамалған соң ғана кіру мүмкін болып отыр. Сыра королінің Шымкентте болған 4 үйінің негізгісі саналатын бұл ғимарат қазір мемлекет есебіне өткізілді. Сонымен, Төлешовтің қара шаңырағы қандай болған?  

Сыртынан қарағанда 3 қабатты болып көрінгенімен, сарай негізі 6 деңгейден тұрады. Ауланың өзі кезінде мұнда асқан дәулет пен сәулеттің болғанын байқатып тұрғандай. Таспен безендірілген тоғандардың үстінде өрнектеліп жасалған көпірлер мен альпі тауларының макеті, фонтандар мен сарқырама бар. Бұлардың жанында кезінде сыра королі отбасымен демалған. Ал, Тоқтар Төлешов пен отбасы мүшелерінің суреті қабырғада мозаика түрінде бейнеленіпті. Онда олигархтың өзі сәйгүлік мініп, ата-анасы мен әйел-бала-шағасы қасында тұр.

Нұрлан Серікұлы, Еңбекші аудандық сот орындаушылары бөлімінің бастығы:

-Аталған үй мемлекет балансына өткізілген. Бұл мекен-жайда борышкерлер тұруына байланысты билік пен сотқа тиісті арыз түсіріп, соттың шешімі бойынша борышкерлер Төлегенов пен Жорабаеваны осы үйді өз еркімен босату жөнінде соттың шешімі шыққан. Бүгінгі күнге борышкерлер өз еркімен үйді босатып, сот шешімі толық орындалды.

Дегенмен, сыртынан сәулетті үйдің іші қаңырап қалған. Мұнда күні кешеге дейін  тұрып келген отбасы мемлекетке ештеңе қалдырғысы келмеген сыңайлы. Тіпті, жарық қосқыштар мен сантехникаға дейін жұлынып, есіктердің ешқайсы қалмаған. Едендегі паркетіне дейін жырымдалыпты. Бүкіл үй ішінде бүлінбеген тек терезе сияқты. Ал ауладағы тас плиталар мен аспашамдарды әкеткені үшін Шымкент әкімдігі полицияға шағым түсіріпті. Тоқтардан қалған 4 үй мен 9 жер телімі – енді қала әкімдігінің меншігі. Мәселен, Төлешовтің қара шаңырағын көркемсурет мектебіне айналдырмақшы.

Мәлік Әбдінұров, Шымкент қалалық тұрғынүй қатынастары бөлімінің басшысы:

-2 объект Шапағат мөлтекауданында орналасқан. Ол білім бөліміне қазір берілген.  Жер учаскелері шешіледі қай құрылысқа берілетіні.

Былтыр қаңтар айының соңында арнайы жасақпен ұсталған Тоқтар Төлешов «қылмыстық топ құрды», «кісі өлтірді» тіпті «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айыптар тағылып, қараша айында 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Осыдан кейін иелігіндегі зауыт банкке өтіп, бірнеше үйі мен жер тілемдері, Шымкенттегі бірнеше ғимарат пен Ролсс Ройс, Бентли секілді қымбат көліктері мемлекет есебіне өткен. Ал, Төлешов сотталғаннан кейін қара шаңырақта тұрып келген бәйбішесі мен үлкен ұлы енді өте қиын жағдайда қалған сыңайлы.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде