{metadescription}
Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай?
Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай?

Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай?

Қырғызстанмен шекарада жағдай үшінші күн дегенде жөнделе бастады. Көлік кептелісінің қалыпқа келуіне қазақстандық тарап сеп болып отыр. Шекарашылар жаяу өтушілер мен жүк көліктерін тексеру шараларын барынша жеделдеткен.

Кеше ғана Қарасу шекара бекетінен өтпекші болған жүк көліктерінің қатары шақырымдап созылып жатқан болатын. Жүргізушілер әрбір көлікті алты сағатқа дейін тексеріп жатқанын айтқан. Ал Қордай бекетінде адамдардың қалың тізбегі қалыптасқан еді. Түннен бастап қазақстандық шекарашылар жұмысты жеделдеткен. Соның арқасында Қырғыз бетінде қаптап тұрған кептелістер едәуір азайған. Дегенмен, кезек күтіп тұрғандар әлі де баршылық. Қырғыз билігі президент сайлауы қарсаңында қырғын басталып кетуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Осыған байланысты, ел аумағына бұзақылардың кіріп кетпеуін қадағалау үшін еліміздің Шекара қызметі күзетті күшейткенін айта кетейік.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде