{metadescription}
Қазақ жастары Атырауда бас қосты
Қазақ жастары Атырауда бас қосты

Қазақ жастары Атырауда бас қосты

Қазақ жастары Атырауда бас қосты. Олар үш күн бойы Қазақстан Жастар конгресі ұйымдастырған республикалық слетті сәтті пайдаланып, өзекті деген мәселелерді ортаға салды. Ал шараға арнайы қатысқан Конгресс төрайымы Дариға Назарбаева мемлекеттің жастарға қолдау жасауды қашанда жалғастыратынын, қажет болса, өзі де көмек қолын созатынын жеткізді. Сондай-ақ, әкімдіктегілердің де бұл істен шет қалмауы керектігін ескертті.

Минутпен бекітіліп, сағызша созылатын ресми жиынның дұрыс өтпейтінін білсе керек, Дариға Назарбаева ә дегеннен-ақ жастарды емен-жарқын әңгімеге шақырды.

Дариға Назарбаева, Қазақстан Жастар конгресінің төрайымы:

- Сұрақтарыңыз болса, қоя беріңіздер. Тек қана официоз болып кетпесін. Нақты, ашық әңгіме болсын.

Қазақстан Жастар конгресінің 15 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген слетке жиналғандардың да айтары аз емес екен. Олар жастарды жұмыспен қамту, ауылда кәсіби-техникалық оқу орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту секілді ұсыныстарын айтты. Реті келгенде мұның бәрі ескерілетінін мәлімдеген Дариға Назарбаева, әсіресе, халыққа пайда әкелетін жобалар жерде қалмау керек деді.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты, Қазақстан Жастар конгресінің төрайымы:

- Технологияны инвестицияның көмегімен әкеліп, бәрін істеуге болады. Мүмкіншілік бар. Грин хаус секілді жобалар көбірек болса, сонда өмір сүру деңгейі қымбат атыраулықтарға да астың бағасы үлкен боп түспейді. Бірталай жеңілдік болар еді. Сондай жобаларды әкімдер қолдап отырса, өте жақсы болар еді. Бұл енді елге жұмыс, сізге салық...

Республиканың түкпір-түкпірінен келген жастар үш күн бойы Атырау төрінде өтіп жатқан шара кезінде белгілі тұлғалар өткізген шеберлік дәрістеріне де қатысты. Тәжірибе алмасып, түрлі тақырыптарды талқылады. Өздерінің айтуынша, өңірде өткен шараның берері көп.

Нұрлан Азаматов, слетке қатысушы:

- Жастар өздігінен мәселені талқылаған кезде бір бөлек, оны ел басқарып жүрген, саясаттың құрылуына үлкен үлес қосқан тәжірибесі бар адамдармен бірге талқылаған кезде бұл мүлдем басқаша нәтиже береді.

Бір жарым сағатқа сыймай қалған өзге де маңызды мәселелер келесі жылы Астанада өтетін жиында талқыланбақ. Ал Атыраудағы шара қорытындысы бойынша белсенді жастар алғыс хаттармен марапатталды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.