{metadescription}
Алматыда 13 тоннаға жуық спорттық аяқ-киім өртенді
Алматыда 13 тоннаға жуық спорттық аяқ-киім өртенді

Алматыда 13 тоннаға жуық спорттық аяқ-киім өртенді

Отқа оранған брендтік аяқ-киімдер! Алматы облысының кеденшілері шекарада тәркіленген 13 тоннаға жуық спорттық аяқ-киімді өртеп жіберді. Сөйтсек, Adidas, Reebok және Nike секілді атақты маркалардың атын жамылған тауарлар заңсыз жасалған болып шыққан. Кеденшілердің айтуынша, тауарлар қара базарда саудаға түссе сатып алушылар опық жеп, тіпті денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Түпнұсқадан бір мысқал кем емес тауарлар Қытайда жасалыпты. «Қалжат» өткізу пунктінде тәркіленген спорттық аяқ-киімдердің бағасы 84 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Тауарды жеткізушілердің Кеден одағының шекарасы арқылы тасымалдауға уәкілетті тұлға еместігі анықталған және олар тауардың қауіпсіздігін растайтын сертификатты көрсете алмаған. Қазір кеденшілер контрафактілік тауарларды түгелдей арнайы пеште өртеп, көзін жойған. Айта кетейік, соңғы уақыттары Қытайда жасалған көшірме тауарларды елге алып өтпек болғандардың қатары жиілеген. Әсіресе, оңай олжаны көксегендер көбінесе кондитерлік өнімдер мен  құрал-саймандардың көшірмесін тасымалдайды екен.

Ғабит Оразов, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы

-Бұл тауарлардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаты жоқ. Сондықтан бұл тауарлар Қазақстанның аумағына өтіп кетсе, бұл адамның денсаулығына өте зиянын келтіреді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.