{metadescription}
Тікелей эфир: Қырғыз елінде президент сайлауы қалай өтті?
Тікелей эфир: Қырғыз елінде президент сайлауы қалай өтті?

Тікелей эфир: Қырғыз елінде президент сайлауы қалай өтті?

Жаңа президент, бұрынғы бағдар! Қырғыз халқы алдағы алты жылда елді басқаратын президентін сайлады. Саяси додада көпшілік күткендей қазіргі президент Алмазбек Атамбаевтың жақтасы, социал-демократ Сооронбай Жээнбековтың асығы алшысынан түсті. Оның басты қарсыласы Өмірбек Бабанов дауыс беру барысында былықтың көп болғанын айтқанымен, Жээнбековтың жеңісін мойындады. Ал халықаралық бақылаушылардың бағасы қандай?

Алатаудың арғы бетіндегі айырқалпақты ағайын өз таңдауын жасады. Тəуелсіз Қырғызстанның бесінші басшысы дауыс беру аяқталғаннан кейін көп өтпей белгілі болды.Елдің тек 55 пайызы қатысқан сайлауда, 55 пайыздай Сооронбай Жээнбеков суырылып шықты. Өзіне сенімді болған Бабановтың бабы келмеді ме, əлде бағы жанбады ма, оны халықтың тек 33 пайызы қолдаған. Таңертең сайлауға дауыс беруге жадырап келген Өмірбек Бабановтың түс ауа жүзі жабырқау тартты. Сайлаудың басталмай жатып былыққа айналғанын айтып, тілшілердің басын қосты. Айтуынша, заңбұзушылық шаш етектен. Бюллетендер жыртылып, адамдардың таңдауы аяқ асты тапталған. Сөзіне дəйек ретінде көпшіліктің түсірген видеоларын көрсетті. Олардың бір үзігін бірге қарайық.

Əрине, əділетсіздіктің құрбаны болдым деген Бабановтың осымен тоқтағысы жоқ. Заңбұзушылықтардың бəрін тізіп, Орталық сайлау комиссиясына тапсырмақ. Сайлау біткенге дейін тартыспен өткен төрт айдың тұқыртқанын, енді демалуды жоспарлап отырғанын айтады. Оның ойынша, бұл сайлау халықтың өз таңдауын жасауға құқығы, мүмкіндігі барын көрсетті. Билік тізгінін ұстайтын Жээнбековтен оны қолдағандарды қудаламауды сұрап отыр. Жеңіске жеткен қарсыласын əзірге құттықтауға құлқы жоқ екенін де жеткізді. Өмірбек Бабановтың мəлімдемесінің бір үзігін тыңдап көрсек.

Өмірбек Бабанов "Республика» партиясының құрылтайшысы:

-Біздің мемлекетімізде осы сайлау бірінші рет атандастықта өтті. Бұл азды да болса алға қадам болды. Бірақ, талапкерлерге тең шарт болған жоқ. Административтік жақтан біздің үгітшілерге қуғын болып, құқық қорғау органдарынан қуғындық болып тұр. Елімізде дауыс беруге кейбір райондарда еркін шарт түзіп бере алмай қалды.

Бабановтың өзі жеңіліс тапқанын мойындағанымен, Таластағы жұртшылық сайлау қорытындысымен келісер емес. Олар Бабановтың есімін ұрандатып, митинг ұйымдастырды. Онда 500 -ге жуық адам жиналып, әкімдікке барып наразылықтарын білдірді. Бішкектегі Алатау алаңына 200-ден астам адам барып, наразылықтарын білдірді.

Жалпы, дауыс беру кешкі 8-де аяқталды. Ал, алдын ала қорытынды араға бір жарым сағат салып шықты. Өзінің озғанын білген Жээнбеков түнгі 12 де тілшілерді жинап, қойнына сыймаған қуанышымен бөлісті. Өткен сайлауға тағар кінəсі, жағар күйесі жоқ. Қолдауды алды, енді жолдауын жүзеге асырарына сенімді. Қазақстанның қашаннан сенімді серік екенін, сондықтан арадағы қатынасты одан əрі жандандыруға мүдделі екенін жеткізді.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстанның сайланған президенті:

-Əрбір егеменді мемлекет қандай болмасын бір біріне сый құрметпен мəміле қылуы керек. Сонда көп нəрсе шешіледі. Сондай мəміле жасап келген, сондай жасаймыз. Уақытын берсе бұл да шешіледі құдай бұйырса

Қырғызстандағы сайлауда бас аяғы 192 бақылаушы болды. Көбі қыркүйектің 22-де алдын ала келген. Дайындық жұмыстарымен танысқан. Бюллетендерді тастайтын жəшіктің электронды болуы осы сайлаудың басты жаңалығы. ТМД елдерінде алғаш рет пайдаланылып отыр. Бақылаушылар дауыс беру барысында олқылықтар болғанымен, негізі барлық конститутциялық талапқа сай өтті деп бағаларын берді.

Сергей Лебедев,ТМД атқарушы комитеттің төрағасы:

-Сайлауда алғаш рет жаңа технология пайдаланылды. Дауыс беруді сондықтан əділ өтті деп айтуға болады. Өзбекстан мен Түркменстанда болған сайлаумен салыстырғанда кандидаттар да, бақылаушылар да көп. Біздің бірлескен қорытынды мəлімдемемізді кешірек жариялаймыз.

Біткен іске сыншы көп. Қалай дегенмен, қырғыздар өз таңдауын жасады. Қырғызстанның жаңа бесінші басшысы желтоқсанда таққа отырады. 

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде