{metadescription}
Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр
Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр

Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр

Осындай қатаң шаралардан кейін елімізде жанармай нарығындағы жағдай біршама тұрақталғанымен, өткен аптадағы тапшылық оның бағасының шарықтауына әкеп соқты. Сұранысқа ие АИ 92 ақыры орташа есеппен алғанда 9-10 теңгеге қымбаттап тынды. Қазір Қазақстан бойынша ең арзан  жанармай Ақтөбеде болса, ең қымбат бензинді теріскейліктер тұтынып отыр. Еліміздің шығысы мен оңтүстігіндегі жағдай да тұрақсыз. Безин бағасы жүргізушілердің көз алдында қымбаттап жатыр. 

Ең арзан жанармай еліміздің батысында деуіміз бекер емес. Ақтөбе, Атырау, Ақтау жүргізушілерінің көбі темір тұлпарларына газ құятындықтан, мұнда бензинге сұраныс төмен. Сондықтан да бұл өңірлерде  тапшылық   болмады дейді мамандар. Қазір АИ-92-нің бір литрінің бағасы Ақтөбеде 149 теңге мен 158 теңге аралығында.    

Рашид Дәуіров, жанармай бекеттері желісінің директоры: /ауд/

-Ақтөбелік жүргізушілер бензиннен тарықпайды. Қазір қорымызда бір айға жетерлік жанармай бар. Әйтсе де бізде көліктердің көбі газды пайдаланады. Сондықтан тапшылық көріп, дүрліккен ешкім болған жоқ. 

Теріскейде бензин бағасы тұрақсыз. Петропавлда Аи-92-нің бір литрі 157-159 теңгеге жеткен. Ресейлік мұнай зауыттарынан сұйық отын таситындар өз бекеттерінде оның литрін бір теңгеге арзан етіп қойыпты. Октаны жоғары АИ-95 тек талонмен ғана таратылып жатса да, шенеуніктер өңірде жанармай тапшылығы жоқ дейді.  

Мұрат Нұрқанов, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

-Бүгінгі күні біздің облысымызда мұнай өнімдерінің тапшылығы жоқ. 15 күндік қоры бар операторларда. Оны тексеріп отырмыз біз. Және де олардың алға жасалған келісім-шарттары бар. Тағы да біздің өңірге келіп түседі. баға жағына келетін болсақ, операторлардың айырмашылығы бір-екі теңге ғана.

Оңтүстікте бензин тапшылығы жоқ. Десе де, баға әлі тұрақталар емес.   Бірнеше күн бұрын ғана 155 теңгеден сатылған сұйық отын қазір 157-158 теңгеге дейін көтерілген. Кей бекеттерде талон болмаса тіпті ала алмайсыз. Ал Созақ, Бәйдібек секілді шалғай аудандарда бензиннің бағасы 160 теңгеге дейін көтеріліпті. Жүргізушілер жанармай құны көтеріле берсе, көліктерін біржола гаражға тығамыз деп отыр.

Николай Путилин, көлік жүргізушісі:

-Өте қымбат болып жатыр. Мысалы, ең қымбат бензин 158 теңгеден боп жатыр. Енді осыдан тоқтап қалса енді жақсы болар еді. Бірақ одан бетер өсетін болса, білмейміз не істейтінімізді.

Еліміздің шығысында да бензин бағасы тұрақталар емес. Кеше ғана жанармай бекеттерінде литрі 152 теңгеден сатылған АИ-92 бүгін жүргізушілердің көз алдында қымбаттап, 158 теңгеге бір-ақ жетті.     

Болат Жүнісбаев, көлік жүргізушісі:

-Бүгін кешқұрым 157-158 теңгеге көтеріліп кетті. Бұлай бола беретін болса, ол 200 теңгеге дейін баруы мүмкін.

Сонымен жанармай нарығындағы жағдай жылдағы әдетіне салды. Алдымен жоғалды, артынша аспандаған бағамен қайта пайда болды,    Аймақтардағы ахуалға қарасақ, жанармай құнының тұрақталатын түрі жоқ. Әлі де, бір- екі теңгеге болса да, бірте-бірте қымбаттап жатыр. Ал бұдан әрі не боларын ешкім дөп басып айта алар емес.   

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.