{metadescription}
Алматылық зейнеткерлер тегін нанға таласып жатыр
Алматылық зейнеткерлер тегін нанға таласып жатыр

Алматылық зейнеткерлер тегін нанға таласып жатыр

Алматыда тегін нанға кезекке тұратын зейнеткерлердің қатары көбейді. Таң бозынан дүкенге асығатын қариялар бір бөлке нанды қанағат етіп, үйді-үйлеріне тарқасады. Бірақ, қайырымдылық шараны ұйымдастыршуылар әкімдік, не болмаса құзырлы орын емес, қалалық әйелдер клубының белсенділері екен. Ал, зейнеткерлер болса, «қымбатшылық қыспаққа алғанда бір бөлке нанның өзі зор көмек» деп отыр.

Дорбасын арқалаған қарттар күнделікті таң атпастан осы мекенді торуылдайды.  Абыр-сабыр көрініске әрі-бері өтетін жұрттың да көзі үйренген. Бір қарағанда, ұзын-сонар кезекке тұратын тапшылық уақыттағы 90-шы жылдарды еске түсіреді. 

Сәндігүл Алпысбайқызы, зейнеткер:

-Бұрын алмайтынмын. Бала ақша тапқанда алмайтынмын. Қазір балалар жұмыс істейді, бірақ айлығын бермейді. Кейде жұмыстан шығарып жібереді.Сонымен нан алмағанда не аламыз? Бергенін аламыз.

Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылар екі жыл бойы тынымсыз еңбек етіп жүр. Күнде зейнеткерлерге 130 бөлке нан тегін таратылады. Алғашында игі іске мүшелік жарнадан түсетін қаражат жұмсалған. Кейін сауда орындарында түрлі сатылымдар өткізіп, шараның ауқымын кеңейтуді қолға алыпты.

Мәдина Науқанова, «Алма-Ата» әйелдер клубының мүшесі:

-Киімдер, не болмаса кітаптар алуға болады. Басқа да дизайнерлік бұйымдар ала аласыздар. Барлығы өздерінің үлестерін қосқысы келіп, тегін түрде береді. Немесе 50-де 50 пайыз ақшасына келісеміз. Әр түрлі жағдайда үлестерін қосады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, зейнеткерлерді бір ай тегін нанмен қамтамасыз ету үшін 200 мың теңге кетеді. Астана қаласында да күніне 20 бөлке нан таратылады екен. Тіпті, алматылық әріптестерінің бастамасын қуаттаған Жезқазған қаласының іскер әйелдер қауымы да қайырымдылық дүкенін ашып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.