{metadescription}
Астаналық дәрігерлер ісік ауруын емдеудің тың әдісін үйреніп жатыр
Астаналық дәрігерлер ісік ауруын емдеудің тың әдісін үйреніп жатыр

Астаналық дәрігерлер ісік ауруын емдеудің тың әдісін үйреніп жатыр

Астаналық дәрігерлер ісік ауруын емдеудің тың әдісін үйреніп жатыр. Яғни, енді ақхалаттылар науқасты ядролық медицинаның көмегімен аяғына тұрғызбақ. Бұған оларға малайзиялық мамандар көмектесіп, шеберлік сағатын өткізуде.

Шетел дәрігерлерінің айтуынша, қатерлі дертті ядролық жолмен емдеу өте тиімді. Бұл ауруды ерте кезден анықтап, толығымен емдеуге таптырмас мүмкіндік береді. Яғни, науқасқа радиофармацевтикалық препаратты ексе жеткілікті, ол қатерлі ісіктің ошағы орналасқан жерге барып ұйып қалады екен. Кейін мынадай құрылғының көмегімен, ем жүргізіп, сырқат жанды толық емдеуге болады дейді мамандар. Әзірге Президент іс басқармасы клиникасының дәрігерлері ғана осы ядролық медицинаны меңгеріп жатыр.

АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

-Бұл медицинадағы жаңа инновациялық бағыттардың бірі. Енді оны толық меңгеріп жатқан президент іс басқармасының дәрігерлері осы айдың соңынан бастап науқастарға ем жүргізе бастаймыз. 

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде