{metadescription}
Шымкент әкімі қоғамдық көлікпен қатынап жүр
Шымкент әкімі қоғамдық көлікпен қатынап жүр

Шымкент әкімі қоғамдық көлікпен қатынап жүр

Автобусқа мінген әкімдер! Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінен бастап, орынбасарлары мен қаладағы бүкіл мемлекеттік мекеме басшыларының бір ай бойына қызметтік көлікпен жүруіне тыйым салды. Шахар басшысы бұны пиар емес, қоғамдық көліктерді тікелей бақылау деп түсінген жөн деп отыр.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

- Бір ай бойы қызметтік көліксіз, автобуспен жүретін боламыз. Әкімдіктегі бүкіл басшылық құрам осылайша қоғамдық көліктердің жүрісін, мәдениетін қадағалауы тиіс.

Әбдірахымов Шымкенттегі қоғамдық көлікпен тасымалдау жағы ақсап тұрғаны туралы шағым көбейген соң осы қадамға барып жатқан көрінеді. Ал қаладағы шенеуніктердің қызметтік көліктері әкімдіктің автотұрағынан шықпауы керек. Сөйтіп бензиннен үнемделген ақшадан мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы үлестірмекші екен. Басшының бұйрығынан соң автобусқа мінген шенеуніктер жаппай селфиге түсіп, әлеуметтік желілерге жариялап жатыр. Бірінші болып орынбасарымен бірге бірнеше аялдаманы автобуспен жүріп өткен әкім Ғабидолла Әбдірахымовтің өзіне бүгін орын да бұйырмай қалды. Алайда шенеуніктің көңіл-күйіне бұл әсер етпеген сияқты. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.