{metadescription}
Испан билігі Каталонияның тәуілсіздігіне үндеген белсенділерді тұтқындай бастады
Испан билігі Каталонияның тәуілсіздігіне үндеген белсенділерді тұтқындай бастады

Испан билігі Каталонияның тәуілсіздігіне үндеген белсенділерді тұтқындай бастады

Испан билігі Каталонияның тәуілсіздігіне үндеген белсенділерді тұтқындай бастады. Бірінші болып Каталония Ұлттық ассамблеясының төрағасы Жорди Санчес пен тағы бір қоғамдық ұйым басшысы Жорди Куишардың қолына кісен салынған.  

Бұл екеуі жұртты көтеріліске үндеді деп айыпталуда. Ал бұл Испания заңы бойынша ауыр қылмыс саналады. Сондықтан, екі белсенді 15 жылдан жаза арқалауы мүмкін. Жоғары сот оларды кепілдікпен шығу мүмкіндігінен де айырып тастады. Ал референдум кезінде сайлау учаскелерін жапқызбады деп айыпталған Каталония полициясының басшысы Жузепа Трапероның төлқұжаты тартып алынған. Енді оның Испаниядан шығуға құқы жоқ. Каталониялықтар мұны барып тұрған араңдатушылық деп атады. Еске салсақ, Испанияның ең бай аймағы саналатын Каталония талай жылдан бері тәуелсіз ел атану үшін әрекет етіп келеді.

Тони, Барселона тұрғыны:

-Испания Каталонияның тәуелсіздігін мойындағысы жоқ. сондықтан, осындай әрекетке барып отыр. Бұл билікті азаматтарының қалауы қызықтырмайды. Ұлттық Каталония күнінде көтеріліске қатысқандардың түрмеге жабылғаны түсініксіз. Олар ешкімге зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ. Жай өзінің азаматтық пікірін білдірді.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде