{metadescription}
Атырауда бір жігітті жабыла сабаған 4 бойжеткен зардап шегуші болуы мүмкін
Атырауда бір жігітті жабыла сабаған 4 бойжеткен зардап шегуші болуы мүмкін

Атырауда бір жігітті жабыла сабаған 4 бойжеткен зардап шегуші болуы мүмкін

Атырауда бір жігітті жабыла сабаған 4 бойжеткен күдікті емес, зардап шегуші болулары әбден мүмкін. Осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатқан полицейлер қазір шын мәнінде кімнің таяқ жегенін анықтауда. Өйткені, қыздармен жалғыз алысқан азамат ішкі істер органдарына арыз да түсірмей, оқиға орнынан кетіп қалыпты.

Мына бейнероликке қарағанда, әуелі бойжеткендер батылдық танытып, еркекке бас салған. Тіпті бірі қолындағы бос бөтелкені жігіттің басына ұрып сындырады. Осы жағдайдан соң еркек ашуға әбден мінсе керек, қыздарды аяусыз тоқпаққа ала бастайды. Қазір төбелеске қатысқандардың барлығынан жауап алынды. Тіпті қыздарға қатысты “бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ал таяқ жеген 28 жастағы азамат жәбірленуші болып танылған. Бірақ полицейлер бұл да әзірге болжам дейді. Өйткені қазір қай тараптың шынымен де зардап шегуші екенін анықталып жатыр. Ал жанжалға қыздардың бірін мейрамханадағы жігіттердің абайсызда қағып өтуі себеп болыпты.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Мейрамханаға кірген кезде екі жігіт өзара жанжалдасып жатады. Сол жанжал кезінде бұл қызға қолдары тиіп кетеді, қызды құлатады. Сол кезде оған қасындғы құрбылары көмекке келіп, барлығы осындай жанжалға себепші болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.