{metadescription}
Ақтауда  биік қабаттан секіріп кеткен ана мен бала ауыр жағдайда жатыр
Ақтауда  биік қабаттан секіріп кеткен ана мен бала ауыр жағдайда жатыр

Ақтауда биік қабаттан секіріп кеткен ана мен бала ауыр жағдайда жатыр

Ақтауда кеше түнде үшінші қабаттан секіріп кеткен ана мен бала ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің жамбасы сынып, кеудесі, басы жараланған. 40 жастағы келіншек пен 15 жастағы қызының не себепті мұндай қадамға барғаны әзірге беймәлім. Белгілісі – екеуі Ақтауға Алматы облысынан келген екен.

Көпқабатты үйдің түбінде ес-түссіз жатқан екеуді көршілері көріп қалып, жедел жәрдем шақырыпты. Олардың сөзіне қарағанда, шешесі мен қызы үшінші қабатта пәтер жалдап тұрған. Құлаған кезде үстілерінде сырт киімі, қолдарында сөмке мен жастық болған. Соған қарағанда, соққыны барынша жеңілдетуге тырысқан секілді. Оқиғаға куә болғандар, екеуі әлдекімдерден қашқан болуы мүмкін деп отыр. Тәртіп сақшылары бұл жайтқа қатысты тексеру жүргізіп жатқандарын айтып, әзірге түсінік берген жоқ. Бірақ зардап шеккендердің сөзіне сүйенген дәрігерлер мына жайтты жеткізді.

Жансерік Шауқымбердиев, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Екі жарақат алушы үшінші қабаттан секіріп кеткен. Бір белгісіз біреулер қорқыту арқылы есіктерін жауып ұстаған.  Екеуі н  хирург, реаниматолог, травматолог қарады,  қажетті дәрі-дәрмектерін, ем-шара  жүргізіліп жатыр. 

Кеше

24 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде