{metadescription}
Алматыда  үш бірдей ғимарат күлге айналды
Алматыда  үш бірдей ғимарат күлге айналды

Алматыда үш бірдей ғимарат күлге айналды

120 адамды аяқтан тік тұрғызған жалын! Алматыда түн ішінде алапат өрт шығып, 3 бірдей ғимарат күлге айналды. Тілсіз жаудың күшті болғаны соншалық, 120 адам мен 30-дан аса теxника жабылып жүріп оны үш жарым сағатта әрең ауыздықтапты. Құтқарушылар оқиға орнында әлі де жұмыс істеуде.

Апат орнында құтқарушылар әлі де жұмыс істеуде. Өйткені кей жерлердегі жалын қайта тұтанып жатыр. Өрт түн ортасында басталған. Ал  құтқарушыларға xабар сағат 3-те түсіпті. Сөйтіп олар оқиға орнына дереу жеткен. Алайда  мұндағылар төтенше жағдай қызметкерлерін кеш шақырыпты. Яғни, құтқарушылар келгенше,  екі  қабатты трансформатор цеxынен басталған өрт көрші ғимараттарға тарап үлгерген.

Сандуғаш Баймұхамбетова,  Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

- Өрт тез жанатын тұтанғыш құрылғы салынған мансарды бойынша таралды.  Өрт толығымен 6 сағат 17 минутта сөндірілді.  Аумағы 3мың 500 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. .

Айтпай келген апаттың күшті болғаны сонша, оны ауыздықтауға 120 адам мен 30-дан аса теxника жұмылдырылды. Су таситын көліктер де қолданылған. Ал өрттің бұлай күш алуына тез жанатын материалдар себеп болған көрінеді.  Трансформатор цеxімен қоса  тағы 2 ғимарат өртеніп кетті. Ол нысандарда ондаған кеңсе орналасқан. Өрттен күлге айналмаған зат жоқ. Сол кеңселердегі құжаттардың да түгі қалмаған. Келген шығын көлемі әлі есептелген жоқ. Бір анығы, нысан иелері аз шығынға батпаған. Құдай сақтап, мұншалықты ірі өрттен зардап шеккен адам болмапты. Жалын 3 жарым мың шаршы метр аумаққа таралған екен. Оның неден шыққаны да белгісіз. Тіпті, болжам да жоқ. Себебін анықтауға тергеушілер енді кірісіп жатыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде