{metadescription}
Бензин тағы қымбаттайды
Бензин тағы қымбаттайды

Бензин тағы қымбаттайды

Бастығы бие, орынбасары түйе дейді! Елімізде бензин тағы қымбаттайтын болды. Бүгін Энергетика вице-министрі Бозымбаевтың бұған дейінгі болжамын жоққа шығарып, жанармай құнының мұнымен шектелмейтінін ашық айтты. АИ-92 маркалы бензин бағасы 165 теңгеге дейін жетуі мүмкін дейді Бақытжан Жақсәлиев.

Бақытжан Жақсәлиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қазір бензин белгілі бір деңгейде қамбаттап жатыр. Біздің ойымызша, АИ-92 маркалы бензиннің литірі 165 теңгеге дейін жетеді. Жанармай тасымалына қатысты қиындықтар шешілген соң, бензин қоры артып, баға төмендеуі мүмкін.

Қазір нарықта жанармай бар. Үкімет Ресейден қажетті бензинді сатып алған. Бірақ бағасы қымбат. Бұған дейін Энергетика министрі қазанның соңында  жанармайдың орташа  құны 160-161 теңге болады деп еді. Алайда, Қанат Бозымбаевтың орынбасары баға бұдан да қымбат болатынын айтты. Шенеуніктердің болжамына сенсек, жанармай тек қарашаның ортасында аздап арзандауы мүмкін. Бір айдан кейін еліміздегі мұнай өңдейтін үш зауыт та іске қосылып, отандық бензиннің көлемі артады екен. Ал қазір Астанада АИ-92 маркалы бензин 157 теңгеден сатылуда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.