{metadescription}
Алматыда тұрғындардың келісімінсіз тұрғын үйдің жертөлесін жалға беруге тыйым салынды
Алматыда тұрғындардың келісімінсіз тұрғын үйдің жертөлесін жалға беруге тыйым салынды

Алматыда тұрғындардың келісімінсіз тұрғын үйдің жертөлесін жалға беруге тыйым салынды

Алматыда енді Пәтер иелері кооперативі тұрғындардың келісімінсіз көпқабатты үйдің жертөлесін жалға бере алмайды. Жаңа тәртіп 23-ші қазаннан бастап күшіне енбек. Бұндай ереже шығаруға тұрғын үй басқармасына пәтер иелерінен мыңдаған шағым түсуі себеп болып отыр. Яғни, көпшілік жертөледе ойын залы, сауна, караоке клубтардың ашылғанына қарсы.

2045 Алматы секілді алып қала шағын және орта кәсіптің қайнаған қазаны. Арнайы ғимараттардан бөлек, тіптен тұрғындардың тұратын баспаналарының жертөлелеріне дейін жалға беріледі. Бірақ, оларды жалға алушылардың көбі қойылатын талап, тәртіптерді ескере бермейді. Жаңа бастама олқылық орнын толтыруға бағытталған.  «Қазаншының өз еркі құлақты қайдан шығарса». Пәтер иелері кооперативі төрағаларының дәурені жүріп тұр. Жертөлені жалға беріп, оңай олжа алуға дәніккендері жасырын емес. Жаңа ереже енді оның тамырына балта шабады.  ПИК төрағалары әр қадамына есеп беріп, тұрғындармен санасуға міндеттеледі.

Ерболат Ыбырайханов Тұрғын үй  басқармасы басшысының орынбасары:

-Арендаға подвалдар беріліп жатады. Болмаса фасадтар, крышаға антеналар қойылып жатады деген сияқты. Соның көбісі тұрғындардың келісімінсіз қойылатын нәрсе тұғын. Тұрғындардың ортақ мүлігі болғандықтан, ол тұрғындардың келісімінсіз болмайды жаңа талабы бойынша осы ереженің.

Яғни жаңа ереже таңдауды тұрғындардың өзіне қалдырады. Мәселен, ПИК төрағасы коммерциялық мақсатта шатырды, я жертөлені жалға берердің алдында жиын өткізіп, дауысқа салуы тиіс. Адамдардың кемі үштен бірі қатысып, жартысынан көбі мақұлдаған жағдайда ғана рұқсат етілмек. Сонымен қатар, тұрғындар ортақ мүлікті жалға бергеннен түскен қаржыны бақылауға да мүмкіндік алады.

Бибігүл Жүнісбаева «Тұран» ПИК қауымдастығының жетекшісі:

- Қазіргі жағдайда акт толтырылып, жобалық құны алдын ала бекітілуі керек. Ревизиялық комиссияның құзыреті кеңіді. Тұрғындардың бәрін қанша ақша түскені, қайда кеткені қызықтырады. Комиссия жариялықты қамтамасыз етуге жауап беретін болады.

Пәтер иелері кооперативі төрағаларының басына қара бұлт  үйірген ереже әзірге Алматыда ғана енгізілмек. Әкімдіктегілер бастаманы батыстық дайын үлгіден көшіргендерін айтады. Алайда, бұның тұрғындар мен шағын бизнес иелері арасындағы дауға мұрындық болар-болмасы әзірге белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде