{metadescription}
Жезқазғанда оңбай күйген автобус жүргізушісі мен кондуктор облыс орталығына жеткізілуі мүмкін
Жезқазғанда оңбай күйген автобус жүргізушісі мен кондуктор облыс орталығына жеткізілуі мүмкін

Жезқазғанда оңбай күйген автобус жүргізушісі мен кондуктор облыс орталығына жеткізілуі мүмкін

Жезқазғанда автобус өртінен зардап шеккен екі адамды Қарағандыдан санавицаиямен арнайы барған дәрігерлер қарап жатыр. Олардың бірінің денесінің 35 пайызын от шарпыса, екіншісінің денесі түгелге жуық, яғни, 95 пайызға күйген. Тасымалдауға жараса, олар жақын арада облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілмек. 

Кешкілік жұмысын аяқтап жол жиегінде тоқтап түрған автобуста жүргізуші мен кондуктор ғана болған. Санаулы секундтарда қызыл жалын шарпығанда, екеуі әйтеуір сыртқа шығып үлгеріпті. Алайда 22 және 23 жастағы жігіттер оңбай күйіп қалған. Ал автобус бірер минут ішінде жанып кетті. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минутта ауыздықтадық дейді. Дегенмен от сөнгенше көліктің қаңқасы ғана қалған. Өрттің неден шыққанын енді комиссия анықтайтын болады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде