{metadescription}
 Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды
 Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Павлодарда аулада ойнап жүрген баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды. 41 жастағы азамат бұл қылығы үшін сот оның бас бостандығын бір жылға шектеген. Сондай-ақ, ол енді көңіл көтеретін мекемелерге аяқ баспауы тиіс.

Сөйтіп, бір ай қамауда болған айыпталушының қолынан кісен сот залында шешілді. 6 жасар ер баланы бетонға лақтырғаны үшін бастапқыда оған тек айыппұл салынған. Кейін жеткіншектің ата-анасы мен қоғам өкілдері шу шығарған соң тағылған айып өзгеріп, «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алғашқы сот отырысына мас күйінде келген азаматтың сол кезде қамауға алынды. Естеріңізге сала кетсек, 41 жастағы азамат аулада ойнап жүрген баланы биыл тамызда ұстап алып, бетонға тастап жіберген болатын. Салдарынан жеткіншектің миы шайқалып, бет-аузы түгел жарақаттанған еді. Көңіл-күйім болмағандықтан осылай жасадым деп ақталған ер адам бұған дейін бірнеше рет істі болған көрінеді. Прокурорлар оны бір жылға абақтыға қамауды сұрағанымен, сот сол мерзімге бас бостандығын шектеп, жүз сағаттық қоғамдық жұмысқа міндеттеді. Сондай-ақ, сотталушы енді зардап шеккен баланың отбасына 200 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс.

Олеся Орлова, зардап шеккен баланың анасы:

 – Соттан осы шешімді күткен едік. Үкімді бұздыруға ешқандай шағым түсірмейміз. Онсыз да әбден мезі болдық. Бұл шешім баламды еш себепсіз ұрған адамға сабақ болады деген сенімдемін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.