{metadescription}
Павлодарда полицейлердің көлігі аударылып қалды
Павлодарда полицейлердің көлігі аударылып қалды

Павлодарда полицейлердің көлігі аударылып қалды

Павлодарда патруль көлігі аударылып қалды. Жедел жәрдем қызметімен ілесіп келе жатқан тәртіп сақшыларына «Мазда» кеп ұрған.

Соққының қатты болғаны сонша, патруль көлігі жол ортасында аударылып, біраз жерге сырғып барған. Салдарынан рөлде болған 28 жастағы капитан бас жарақатымен ауруханаға жеткізілсе, оның серігі дәрігерлер бақылауынан соң үйіне жіберілген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, патрульдік топ төбелес туралы хабарды естіп, оқиға орнына жеткен. Мұндағы азаматтың пышақталуына байланысты жедел жәрдем шақыртқан олар аталмыш қызмет көлігімен ілесіп келе жатқан беттері екен. Куәгерлердің айтуынша, жол апатына мұндағы «жолды беру» белгісінің жоқтығы себеп болған. Бұл жайттан соң қалалық коммуналдық қызметтің көше қиылысында сол белгіні орнатқанын айта кетейік. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.