{metadescription}
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу үшін заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу үшін заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу үшін заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін

Осы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу үшін енді заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін. Владимир Божко осындай ұсыныс жасады. Араны ашылған сатушыларды тиятын уақыт келді дейді спикердің орынбасары. Өйткені кәсіпкерлер фермерлердің қолынан дайын өнімді арзанға алып, оны бірнеше есе қымбатқа сатуға әбден дәніккен. Ал зардабын қарапайым жұрт шегуде. Мәжілісмендер Ауыл шаруашылығы министрінен миллиондаған гектар жайылымдардың жайын да сұрады.

Елімізде 186 миллиард гектар жайылым бар. Ұшы-қиыры жоқ жер болғанымен, ол жай жатыр. Өйткені Үкімет мал жайып, шаруалардың өмір сүруіне жағдайды сол күйі жасамаған. Яғни, инфрақұрылымы салынбаған, құдық қазылмаған. Ал ауылдардың айналасындағы жерді қожайындары не өздері пайдаланбайды, не өзгеге бермейді.

Жексенбай Дүйсебаев, Мәжіліс депутаты:

- 50-ақ миллион гектарын ғана пайдаланып отырмыз. Соның үстіне малымызды топырлатып бағып отырмыз. Ал қалған 100 миллион гектар жер бос жатыр, игерілмеген. Сол картада көрсетілмеген.

Депутаттар жарты жыл бұрын жайылымдар туралы арнайы заңды бекітіп берді. Жаңа құжаттың күшіне енгеніне алты ай өтсе де, жағдай өзгермеген. Ал жайылым дұрыс пайдаланылмайынша мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Мәселен, соңғы 5 жылдан бері қойдың саны 15 миллионнан аспай тұр. Депутаттар ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан қыруар қаржыны да естен шығармады.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

-Осыған дейін де ауыл шаруашылығына қомақты қаржы бөлініп келді, көптеген кәсіпорындар, шаруақожалықтар субсидия алды. Бірақ көбінікі тиімсіз болды жұмыстары. +Жеңілдетілген несие, субсидия қалай бақылауға алынады?

Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Біз де осы сұрақты өзімізге қойып отырмыз. +02.27. 15 субсидияны қарап шықтық, 24 миллиард теңге қаржы шешім қабылдасақ, соның тиімсіздігін көріп отырмыз. Яғни, жылда қаржы бөлінеді, бірақ,  өндіріс одан дамымайды. Онда одан не пайда?

Яғни, министр 24 миллиард теңгенің тиімсіз игерілгенін мойындады. Мырзахметов енді шаруаларға субсидия емес, банктер арқылы жеңілдетілген  несие берейік деп отыр. Сонда мемлекеттік ақша көпке қолжетімді болады.  Ал субсидия белгілі тауар өндірушілерге ғана беріледі. Депутаттар үш жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда ашылған ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыттың да тағдырын сұрады. 2014 жылы комбайын құрастыратын кәсіпорын іске қосылған еді. Бірақ, Петропавлдағы зауыттың техникасына сұраныс болмаған.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

-В данный момент он не производит продукцию. Он не закрылся, а приостановил свою деятельность.

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Открылся-закрылся. В чем проблема? В том, что отрапортовать громко, а закрывать тихо?

Яғни, бұл жерде де шенеуніктер қазына қаржысына зауыт ашар кезде бизнес-жоспар жасап, нарықтағы сұранысты жіті зерттемеген. 

Сондай-ақ, бүгін Мәжілісте ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы да сөз болды. Спикердің орынбасары Владимир Божко өзі тойса да көзі тоймайтын сатушылар мен делдалдарды тоқтату үшін заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Өйткені, алыпсатарлардың барған сайын араны ашылуда. Көкөніс, жеміс-жидек, сүт, ет өнімдері өзімізде өндірілгенмен,жұрт отандық азық-түлікті тоя жеп жүрген жоқ. Бәрінің бағасы күн санап шарықтауда дейді депутаттар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде