{metadescription}
Премьер-министр баспана құрылысын дұрыс жүргізбегендерге қатаң ескерту жасады
Премьер-министр баспана құрылысын дұрыс жүргізбегендерге қатаң ескерту жасады

Премьер-министр баспана құрылысын дұрыс жүргізбегендерге қатаң ескерту жасады

Үкімет басшысы қоластындағыларды баспана құрылысын жөн-жосықсыз жүргізесіңдер деп сөкті. Жауапты министрлік өңірлердің сұранысын ескермей үй соға берген.

Мәселен, 37 мың жанұя кезек күтіп отқан Алматы облысында биыл небары 82 пәтер қолданысқа берілмек. Қарағанды облысында 35 мың адамға 387 үйдің ғана кілті бар. Ал сұранысы азырақ өңірлерде пайдалануға берілетін баспананың саны керісінше көп. Маңғыстау биыл 1132, Ақтөбе облысында 2600 отбасыға пәтер берілмек. Премьер, министрлердің есебін түзеуді бірінші орынбасары Асқар Мәминге тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

– Мына мәселені шешу керек. Өңірлерде құрылысты жандандырғандарың жақсы әрине, бірақ сұранысы жоғары жақтарда тіпті түк салмапсыңдар ғой?! Бұлай болмауы тиіс. Асқар Ұзақбайұлы осы істі өз бақылауыңызға алыңыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.