{metadescription}
Оқушыларға қымбат смартфон ұстауға тыйым салынды
Оқушыларға қымбат смартфон ұстауға тыйым салынды

Оқушыларға қымбат смартфон ұстауға тыйым салынды

Шығыс Қазақстанда оқушылар енді қымбат ұялы телефондарын тек мектептен тыс жерде ғана қолданатын болды. Онда ата-аналар мен ұстаздар бірлесіп, осындай шешім қабылдап отыр. Бұған гаджеттердің жиі ұрлануы мен балалардың байланыс құралын сабақ үстінде рұқсатсыз пайдалануы себеп. Енді тек ескі үлгідегі телефон ұстауға болады. 

Жиі қолды болатын смартфондардың жыры өңір мектептері үшін шешілмес түйткілге айналған еді. Енді оған ата-аналар мен ұстаздар бірігіп нүкте қойды. Облыстағы алты жүзден астам білім ордасының  90 пайызында қымбат заманауи құрылғыларды қолдануға тыйым салынса, қалған 80 мектеп ұялы байланыс операторының қызметінсіз қалды. Естеріңізге салайық, мемлекеттік қызметкерлерге салынған  осындай тыйым әлі күшінде. Егер мұғалім оқушының қолынан қымбат гаджет көрсе, ескерту жасап, оны арнайы шкафқа салып қояды. Ересектердің мұндай шешім қабылдауына балалардың бос уақытында телефонға шұқшиып, оқу үлгерімдерінің нашарлауы себеп. Осы тыйымнан кейін мектептердегі ұрлық-қарлық та азайып жатыр дейді құзырлы орын өкілдері.

Аслан Жексембаев,  ШҚО прокуратурасының аға прокуроры:

- Статистикаға сүйенсек, былтыр 40-тан астам ұялы телефон ұраланған. Балалар, әдетте, жоғалтым алдым дей салады ғой. Биылдыққа тек 18 ұрлық тіркелді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, екі есе аз. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде