{metadescription}
Жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған келіншектің соты дауға ұласып кетті
Жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған келіншектің соты дауға ұласып кетті

Жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған келіншектің соты дауға ұласып кетті

Жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған келіншек 20 миллион теңге өтемақы талап етті! Бұл арбаға таңылған Екатерина Парафиеваға келген моральдық зиянның соммасы. Бұған қоса, бүгін алғашқы сот отырысында жәбірленуші сот шығындары үшін де 200 мың теңге сұрады. Ал, өзі жантүршігерлік апаттың қалай болғанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Оны өмір бойына мүгедек еткен жол-көлік оқиғасына қатысты автобус жүргізушісі сотталып жатыр. Десе де, айыпталушы апатқа Парафиеваның өзі де себеп болған дейді. Сондықтан, кінәсін мойындаған жоқ. 

Бұл бір келіншекті қос аяғынан айырған іс бойынша айыпталып жатқан  Дәурен Жаңабаев. 24 жастағы автобус жүргізушісі 4 айға созылған тергеу қорытындысы бойынша күдікті деп табылған. Десе де, ол кінәсін мойындар емес. Тіпті, айыпталушы тарап қайғылы оқиғаға Парафиеваның өзі де кінәлі деп салды.

Бақытжан Сейдалиева, Д. Жаңабаевтың адвокаты:

- Бұл жерде Парафиева да ереже бұзып отыр былай қарасаңыз. Әл Фараби көшесі ол жоғарғы жылдамдықпен жүретін жол болып саналады. /17:44/ - Мейлі балон жарылды, балон жарылғанның өзінде көліктің жүруге мүмкіншілігі болған ол кезде.

Тіпті, үшінші көліктің жүргізушісі де жол ережесін бұзған дейді адвокат. Сондықтан, істі қайта тергеуге жіберуді сұрады. Десе де, судья бұл талапты қабылдаған жоқ. Ал, жәбірленуші кінәліден моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап етті. Бұдан бөлек, сот шығындары үшін 200 мың теңге сұрады. Алайда, өмір бойына мүгедек болып қалған әйел нақты кімді кінәләрін білмейді.

Екатерина Парафиева, зардап шегуші:

- Мен ешкімді кінәлі деп ойламаймын. Кінәліні анықтайтын сот бар. Мен тек өзімнің жауабымды беремін. Судьяның әділдігіне сенемін.

Бұған дейін меннен ешкім кешірім сұрап келген жоқ. Бірде-бір адам хабарласпады да.

Бұл жол апаты маусымда болған. Екатерина тізгіндеген көлік Әл-Фараби даңғылының бойыншағы ашық люкке түсіп, дөңгелегі жарылған. Ал, ол жол ортасына тоқтаған бетте, автобуспен басқа Toyota соқтығысқан. Сөйтіп, сол жеңіл көлік тоқтап тұрған машинаға барып ұрылыпты. Екі ортада келіншектер қысылып қалған. Олар ауыр жарақаттар алған. Тіпті, Екатеринаның екі аяғын кесуге тура келді. Бүгін сол Toyota-ның жүргізушісі де сотта куәгер ретінде жауап берді. Анықталғандай, ол сол кезде телефонмен сөйлесіп келе жатыпты. Оған нақты дәлел де бар.

Соған қарағанда, бұл куәгер де сүттен ақ, судан таза емес. Ал, өзге куәгерлер айыпталушы тізгіндеген автобустың да жолда ережені бұзып келе жатқанын айтты. Енді, Жаңабаевтың кінәсі дәлелденсе, 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. Немесе  2 жылға бас бостандығынан айырылады.

Ал, ашық қалған люк үшін ешкім жауапқа тартылмайтын сыңайлы. Десе де, бүгін жәбірленуші тарап келесі сотқа «Алматы тазалық» мекемесінің қызметкерлерін де шақыруды сұрады. Өйткені, жолдағы құдықтарды қадағалауға солар міндетті. Десе де, коммуналдық қызметтерлер тек куәгер ретінде жауап береді. Бұған қоса, келесі сот отырысына автобустың қожайыны мен осы іс бойынша тергеу жүргізген мамандар да шақырылды. Ал, қазір Парафиева өзінің денсаулық жағдайы қалыпты екенін мәліндеді. Жақын күндері оған тағы ота жасалмақ.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.