{metadescription}
Мас күйде кезекшілік еткен астаналық фельдшерлер жұмыстан қуылды
Мас күйде кезекшілік еткен астаналық фельдшерлер жұмыстан қуылды

Мас күйде кезекшілік еткен астаналық фельдшерлер жұмыстан қуылды

Мас күйде кезекшілік еткен астаналық фельдшерлер жұмыстан қуылды. Араққа тойып алып, ауырған балаға медициналық көмек көрсетуге келген ақ халаттыларға қатысты қызметтік тексеру де жүріп жатыр. Егер олардың өзге де заңбұзушылыққа жол бергені анықталса, іс полицейлерге жіберілмек.

Жедел жәрдемді Астана тұрғыны баласы мазасызданып, таңғы 7-де шақырған екен. Әкесінің айтуынша, дәрігерлер бір сағаттан соң келген. Видеода фельдшердің өзі теңселіп, әзер тұрғаны байқалады. Бетіне қос медициналық маска киіп алған. Дәрігер де, тіпті көлік жүргізушісі де тілін шайнап сөйлеп тұр. Астананың Денсаулық сақтау басқармасындағылар  екі фельдшер мен көлік жүргізушісін де бірден жұмыстан босаттық деп отыр. Ақ халаттылардың бірі 2, екіншісі 6 жылдан бері Елордадағы №10 станцияда еңбек етіпті. Болжам бойынша, дәрігерлер үй-үйді аралап жүріп спирттік ішімдіктен ұрттап үлгерген.  

Тимур Мұратов, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Фельдшерлердің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Ондай адамдар жұмыс орынында сондаймен ұсталғандар жұмыс істеуге  әріқарай құқығы жоқ. Қызметтік тексеруден кейін басқа да фактілер табылып жатса, мүмкін әріқарай қызметтік тексерудің актісін құзырлы органдарға береміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде