{metadescription}
Елімізде долларға сұраныс қайта артты
Елімізде долларға сұраныс қайта артты

Елімізде долларға сұраныс қайта артты

Долларға сұраныс арта түсті! Елімізде АҚШ ақшасын сатып алушылар көбейген. Ал, оны айырбас орнына кері сатушылар керісінше күрт азайыпты. Бұл туралы ranking порталы мәлімдеді.

Долларын теңгеге ауыстыратындар саны биыл 25 пайызға азайған. Яғни, айырбас орындарының жыл басынан бері халықтан сатып алғаны - 4,4 миллиард доллар ғана. Мұндай аз көрсеткіш 7 жылдан бері болмапты. АҚШ ақшасына Алматы тұрғындары ғана аса құмар емес. Яғни, айырбас орындарына өткізілген АҚШ валютасының жартысын осы алматылықтар сатқан. Және де Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да долларды кері сатып жатыр. Ал, қалған өңірлер Америка валютасын сары майдай сақтап отыр екен. Сондай-ақ, биыл еуро мен рубльден құтылуға асыққандар көбейіпті. Еуропа ақшасын айырбас орнына сатушылар саны 11,2 пайызға артты. Яғни, 9 айда 370,5 миллион еуро теңгеге ауыстырылған. Ресей рубліне былтыр сұраныс жоғары болғанымен, биыл ондай байқалмайды. Керісінше, рубльді қажет етпей, сатушылар 11,3 пайызға көбейді.

Қаңтар-қыркүйек, 2016

5,9 млрд $  ----  82,5%

Қаңтар-қыркүйек, 2017

4,4 млрд $  ----  74,6%

 

Алматы  2,2 млрд $

Астана  748,5 млн $

ОҚО  337,3 млн $

 

Еуро айырбасы

Қаңтар-қыркүйек, 2016

333 млн Э  ----  75,6%

Қаңтар-қыркүйек, 2017

370,5 млн Э  ----  111,2%

 

Рубль айырбасы

Қаңтар-қыркүйек, 2016

32,6 млн R  ----  97,1%

Қаңтар-қыркүйек, 2017

36,3 млн Э  ----  111,3

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде