{metadescription}
Оралда қаланың қақ ортасындағы түнгі клуб өртеніп кетті
Оралда қаланың қақ ортасындағы түнгі клуб өртеніп кетті

Оралда қаланың қақ ортасындағы түнгі клуб өртеніп кетті

Оралда қаланың қақ ортасындағы түнгі клуб өртеніп кетті. Облыстық ішкі істер департаментіне қарама-қарсы орналасқан ғимараттың қазір түгі қалмаған. Өрт тапа-тал түсте шыққандықтан ішінде қызметкерлерден басқа адам болмай, ешкім зардап шекпепті.

Қызыл жалынның құрсауында қалған көңіл көтеру нысаны әп-сәтте Оралдың қақ ортасын көк түтінге тұншықтырды. Оттың 800 шаршы метр аумақты тез шарпуына ғимараттың түгел ағаштан салынуы себеп болыпты. Құтқарушылар келген бойда ішіндегі қызметкерлерді сыртқа шығарды. Дегенмен, бір күшейіп алған жалын өрт сөндірушілердің тырбанған тірлігіне бой бере қоймады. Сол уақытта қатты жел соғып, шаруаны одан әрі қиындатып жіберді. Әйтеуір іргеден ағып жатқан Жайық өзенінен тура құбыр тартып тартып, құтқарушылар судан тапшылық көрген жоқ. 19 техника қолданған 65 адам, тілсіз жаумен екі сағат арпалысып, әрең өшірді. Бірақ, клубты бәрібір құтқара алмады.

НАЗАРАЛЫ СЕЛИМОВ, БҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Бізге хабар кеш түскен. Өрттің тез таралуына ол да бір себеп болды. Мұнда газ мамандары жұмыс істеп жатқан екен. Содан бір жарқыншақ шығып, сол өртке ұласқан. Қазір мұнда жоғары үшінші деңгейлі өрт сөндіру қызметі  көптеген өрт сөндіру цистернасы мен автобаспалдақтар іске қосылды

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде